Сенат • 01 Ақпан, 2024
Құрылысқа мемлекеттік бақылауды күшейту қажет – сенатор
Құрылыс саласындағы заңсыздық күш алып барады. Соңғы 3 жылда 45 қылмыстық іс қозғалған және 4700-ден астам үлескер зардап шегіп отыр. Сенатор Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында құрылыс ұйымдарымен жасалған шарттардың орындалмауы мен шағымдар туралы деректерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Ақпан, 2024
Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты төртінші цехын іске қосады
Қазақстан мұнай қоры қомақты елдер санатында. Оны өндіруде де өрлеу бар. Өткен жылдың өзінде елімізде 84 миллион тонна мұнай өндірілген. Осы істің ілгерілеуі үшін мұнайды бұрғылау, тарту, өткізу құрылғыларын да Қазақстанда шығарудың маңызы зор. Осы міндеттің бір тарапын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көтеріп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 01 Ақпан, 2024
ЕҰУ әлеуметтанушылары бизнес өкілдерімен зерттеулер жүргізеді
Бизнес өкілдері әлеуметтік зерттеулер жүргізуге және жоғары білікті кадрларды даярлауға қызығушылық танытып отыр. Халықаралық RIXOS желісінің бастамасымен Астанада Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Әлеуметтану» кафедрасының филиалы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
373 қатардағы қызметшінің құқығы қорғалды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өз қызметінде жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің арыз-шағымдарын қарап, заңнама аясында бұзушылықтарды жою бойынша жедел іс-шаралар қабылдады, деп жазады Egemen.kz Департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 01 Ақпан, 2024
Оқушылардың оқу сауаты төмендеп барады – М.Әшімбаев
Қазақстанда оқушылардың оқу сауаты төмендеп барады. Бұл жағдай жастардың білікті маман болып қалыптасуына айтарлықтай қауіп төндіреді. Мұндағы тиімді шешімнің бірі – көшбасшы елдердің тәжірибесін негізге ала отырып Ұлттық бағдарлама әзірлеу. Бүгін білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері туралы заңды талқылау барысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның халықаралық рейтинг жөніндегі сөйлеген сөзіне орай осындай пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.