Мирас • 01 Ақпан, 2024
Адай жылқысы халықтық селекцияның үздік жетістігі
Тарихқа үңілсек, қазақтың Адай жылқысына орыс ғалымдарының аңсары ақ патшаның заманында-ақ ауғаны байқалады. Атты әскер командирі М.Арнольди жазбаларында Адай жылқысы жақсы сипатталған. Бірінші – төзімділігі, екінші – ауырмайтындығы, үшінші – сусыз жүз шақырым жерді жүріп өтетіні, төртінші – асандықпен арымайтыны, бесінші – арқасының жауыр болмайтыны, алтыншы тұяқтары мықты болатыны айтылған. Жылқы ұстаймын дегендерге бұдан артық не керек?
Туризм • 01 Ақпан, 2024
Мәуелі мекен туризмге бет бұрады
Жер жәннаты саналған мәуелі мекен туризм саласына ерекше мән беріп жатыр. Бұлай дейтініміз, табиғаты көркем шекаралық аудандарда Vizit орталықтарды ашу жоспарланып отыр. Бұл әуелі алыстағы ауылдардың инфрақұрылымын реттеуге көмектеседі. Бұған қоса таңғажайып Текелі тауларына шаңғы-биатлон кешені ашылмақ.
Жәдігер • 01 Ақпан, 2024
Егер сіз Қызылорданың Аралына бара қалсаңыз, «Балықшылар» музейіне кірмей кетпеңіз. Онда балықшы мен балыққа қатысты біз білмейтін деректерге сүрініп жығыласыз. Бәрі де – ұрпаққа керек аманат дүние. Егер ғайыптан әрқайсысына тіл бітсе, біраз сыр мен мұңды төгер ме еді?
Туризм • 01 Ақпан, 2024
Жақында Ақтөбе облысының делегациясы Оңтүстік Корея мен Қытайға барып екі елдің іскер топтары мен туризм саласындағы бірқатар компания өкілдерімен кездесіп қайтты. Сеул, Пекин мен Шанхай қалаларындағы жүзден аса туристік компания өкілдерімен кездесуде «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы Ақтөбе өңірін тартымды туристік бағыт ретінде қалыптастырудың стратегиясын ұсынды. Соның ең бастысы – әнші Димаш Құдайберген атындағы «Dimash tour» жобасы.
Ұлттық спорт • 01 Ақпан, 2024
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша аймақтардың рейтингін жариялады. Былтыр ұлттық спортты серік еткендер 11 спорт түрінен сайысқа түсті. Жыл басынан бастап ұлттық спорт түрінен жекелеген ішкі чемпионаттар, кубок бәсекелері, ұлттық спорт фестивалі, халықаралық жарыстар мен әлемдік додалар өтті.