Саясат • 01 Ақпан, 2024
Сайлау – конституциялық-құқықтық өлшем
1 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Maqsut Narikbayev University»-де «Сайлау мемлекеттік биліктің заңдылығын қамтамасыз ету механизмі ретінде: конституциялық-құқықтық өлшем» атты дөңгелек үстел өтті.
Пікір • 01 Ақпан, 2024
Ұлт баспасөзі тарихтың түрлі сынынан өтіп, қалыптасып, дамып, кемелденді. Бүгінгі БАҚ жаңалық пен ақпаратты халыққа жеткізу пішіні, мазмұны, амалы, т.б. кәсіби шарттары жөнінен көп өзгерді. Мамандар технология мен инновация қарқынына ілесуге тырысып-ақ келеді. Сала сарапшылары әлем мен ұлт талғамын, сұранымын ескеріп, тез жетілуді ұсынады.
Тарих • 01 Ақпан, 2024
«Қазақ» газетінің ізашар миссиясы
«Қазақ» газеті туралы сөз болғанда, біз алдымен ұлы Мұхтар Әуезовке жүгінеміз. «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын». Бұл «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен, «Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққан», «саясат толқынына түсіп ойы ашылған, мәдениет жолында аз да болса ілгері басқан» жас алашшылдың, оқиға ортасында жүрген куәгердің, замана жылнамашысының сөзі. Біз: «Қазақ» газеті – ХХ ғасыр басындағы ұлттық энциклопедия» дейміз. Оның жоқшысы мен жаршысының бірі болғандықтан айтамыз. «Қазақ» туралы жеріне жеткізіліп, толымды айтылмаған мәселенің бірі – ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының бастары бірігіп, саяси күрес алаңына шыққандағы «Алаш» партиясын құрудағы басылымның көзге көрінбес тарихи еңбегі. Аласапыранды, төңкерісті 1917– 1918 жылдары алып Ресейдің бұрыш-бұрышында, бұрыннан бұратана саналған өлкелерде ұлттық автономиялық құрылымдар дүниеге келіп жатқанда қазақтың да әлемдік тартыстан тыс қалмай, мемлекеттігін қайта қалпына келтіруге талпынғанын мақтанышпен еске алсақ, ол «Қазақ» газетінің жанқиярлық еңбегі мен жемісті ерлігі еді. Екі бірдей жалпықазақ сиезін өткізіп, «Алаш» партиясын құрып, Алашорда үкіметін жасақтаған, Алаш автономиясының кіндігін кескен «Қазақ газеті» (1913–1918) болатын.
Тарих • 01 Ақпан, 2024
Ақ патша тақтан тайған Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ даласының әр түкпірінде ұлт зиялылары бас қосып, автономия жайын ақылдаса бастады. Әрине, сол кезеңде ұлт болып ұйысу үшін ең керекті құралдың бірі газет болатын. Бөкейлік белсенділердің тез арада бас құрап, жарияға шығарған басылымы – «Ұран» газеті.
Халық • 01 Ақпан, 2024
Бірде Сыр бойындағы Жаңақорғанда болғанбыз. Аудан орталығын шарлап жүріп, несібесін адалынан терген отбасыға жолықтық. Үй егесі Асылбек – 25 жыл жүргізуші болған жергілікті жердің байырғы тұрғыны. Өзі ауылда жоқ болып шықты. Ал отанасы күнделікті тіршілікпен есік алдында жүр. Бізбен сөйлескен сол ғана.