Алматы • 02 Ақпан, 2024
ЕАЭО-тың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту қажеттігі айтылды
РФ Премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО елдері уәкілетті органдар арасындағы үзіліссіз өзара іс-қимыл үшін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін белсендірек дамытуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Ақпан, 2024
6654 әскери бөлімі оқу батальонының 1 оқу ротасы Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдеріне байланыс мамандарын дайындайды. Әр жылдың 1-ші және 3-ші оқу кезеңдерінде мерзімді әскери қызметшілер арасында маман-радиотелефонистер оқытылады. Ал 2-ші және 4-ші кезеңдерде алғашқы даярлау және қайта даярлау бағдарламалары бойынша келісімшарт әскери қызметшілері арасында бөліністердің торап бастығы, электр-күш қондырғыларының бастығы, бөліністегі станция бастықтары, радиотелефон тобының бастығы, спутник станциясының маман-технигі, бөлініс бастығы (аппарат) бастықтары мамандықтары бойынша оқытады. Әр оқу кезеңі екі ай уақытты алады.
Алматы • 02 Ақпан, 2024
Транзиттік және көліктік инфрақұрылымды бірлесіп дамыту қажеттігі айтылды
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің пленарлық отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов ЕАЭО Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің тоғысқан жерінде орналасқан, аймақтың бәсекелестік артықшылығы осы фактор болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Цифрландырудың нәтижелері таныстырылды
«Digital Almaty» форум көрмесінде ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына Қазақстан компанияларының цифрландыру саласындағы жетістіктері көрсетілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Украина тарапының бастамасы бойынша екі ел Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Украина тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.