Сараптама • 01 Ақпан, 2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам
Ел қазынасы ортайып, Ұлттық қор трансфертіне мұқтаждық артты. Еселеп өскен шығынды салық түсімдері жаба алатын емес. Билік осы теңгерімсіздікті түзеу мақсатында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін арттырамыз деп отыр. Бұл ұсыныс төңірегінде қоғамдық пікір екіге жарылды. Бірі «бизнеске қысым күшейеді» деп алаңдаса, екінші тарап «салық әділ бөлінсе, мемлекет өркендейді» дейді. Көзқарас сан алуан, ал басты сұрақ – бұл өзгерістер елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ете ала ма?
Пікір • 01 Ақпан, 2025
Агроөнеркәсіптік кешенді нығайту айқындалды
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаһанда болып жатқан үдерістердің елімізге тигізер жағымды да жағымсыз ықпал-әсерлерін айта келе, бізге оларды еңсеретін тиісті стратегия керектігіне назар аударды. Үкіметтің және басқа да құзырлы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттерін пысықтады.
Қоғам • 01 Ақпан, 2025
«Қазақстан халқына»: үзілген үміт жалғанады
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 11 қаңтарда әлеуметтік саланың әлеуетін нығайту мақсатында «Қазақстан халқына» қорын құруды тапсырды. Үш жыл ішінде қор бірқатар игі істі жүзеге асырды. Шарапаты шалғай жатқан аудан, ауылдардағы ел азаматтарына тиюі керек ілкімді жобаның жоспары айқын әрі ашық.
Саясат • 01 Ақпан, 2025
Интеграцияның жаңа мүмкіндіктері
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдер үкіметтерінің басшыларымен Одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері мен ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Онда кедергісіз сауданы дамыту, іскерлік ахуалды қалыптастыру, туристік әлеуетті ашу мәселелері қаралды.
Тұлға • 01 Ақпан, 2025
Ертеректе Тобыл – Торғай өңірінде Шайынғазы Мұхамеджанов деген ақсақал болған. Елімізде ауыл шаруашылығы ісін ұйымдастырушы ұжымшар басшыларының бірі еді ол кісі. Адалдығымен ел есінде қалған. Сол Шайынғазыны аудан басшылығы Пәленбай деген жерге барып артель, мойынсерік құрасын, адамдарды еңбекке жұмылдырасың деп аттандырады ғой.