Үкімет • 01 Ақпан, 2025
Ақтауда қайтарылған қаржы есебінен медициналық станция салынады
Президенттің тапсырмасын орындау аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында Ақтауда жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге қауқарлы облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы салынады. Бұл мақсатқа Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 01 Ақпан, 2025
Реформа бәсекеге қабілеттілікті арттырады
2024 жылдың қорытындысына сүйенсек, ел экономикасы жалпы алғанда 4,8%-ға өскен. Бұл – өткен жылдың есепті кезеңіндегі 4%-дық өсімнен жоғары көрсеткіш. Экономиканың өсуіне мемлекеттік саясат пен экономиканы әртараптандыруға бағытталған реформалар негізгі ықпалын тигізді.
Пікір • 01 Ақпан, 2025
Инфрақұрылымды дамыту – табысты қадам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің түрлі бағытта атқарылып жатқан жұмысына жан-жақты тоқталып өтті. Соның ішінде электрондық сауда-саттық мәселесін қозғап, оның көлемінің артуы біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деді. Расында, еліміздің аталған саладағы әлеуетін толық пайдаланудың маңыздылығы өте зор.
Басылым • 01 Ақпан, 2025
Шәкәрім мұрасы Түркияда жарық көрді
Кітапта «Қазақ» газеті туралы өлеңінің түпнұсқа мәтіні де бар. 2024 жылдың соңында Анкарадағы «Bengü» (Мәңгі) баспасынан қазақтың біртуар ақыны, данасы, шежірешісі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған «Kazak Halkını Tefekküre Çağıran Adam Şâhkerîm Ḫudâybėrdi Oġlı» (Қазақ халқын ойлануға шақырған адам Шаһкерім Худайберді оғлы) атты кітап түрік және қазақ тілдерінде жарық көрді. Бұл айрықша мұра ақынның 165 жылдығына және осы басылымды жариялауға мұрындық болған Түркия Республикасының 100 жылдығы құрметіне даярланыпты.
Тарих • 01 Ақпан, 2025
ХХ ғасыр басында патшалық өкіметтің еркіндік пен теңдікке қиғаш әрекеттері және қазақ ұлтының атауын ресми қасақана бұрмалауы ел зиялыларының жалпыхалықтық ұлт баспасөзіне «Қазақ» ныспысын беруіне әсер етті. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық» дегені мәлім. Ұлт ұстазы газеттің қоғам өмірінде атқарар айрықша қызметі мен мәніне тоқталып: «Газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ғасырлар сынына төтеп беретін даналық қалдырды.