Жәдігер • 04 Ақпан, 2025
Үміт отын маздатқан майдан хаттары
Уақыт табымен әбден сарғайған, оқ-дәрінің исі сіңген үшбұрыш хаттарда боздақтардың көкірегіндегі көп жай тұмшаланып жатқандай. Әбден тозған, үлбіреген үшбұрыш хаттарды қолыңа алған кезде жан дүниеңді әлдебір алай-дүлей сезім баурап алады екен.
Тағзым • 04 Ақпан, 2025
Күй қазынасы – баба танымның баламасыз үлгісі, рух маздағы. «Әлемде төрт мұхит бар. Бесінші мұхит – күй», деген Әбіш Кекілбайұлы. Қазақтың кісілігі мен қасиеті сақталған асқақ өнердің анасы атанған Дина Нұрпейісованың өмірден өткеніне биыл – 70 жыл.
Пікір • 04 Ақпан, 2025
Бір сәт терезе сыртындағы ағаштарға көз салыңызшы, олар да жалғыздықтан жабырқайтын сияқты сезіледі. Мүмкін олар өн бойынан өсіп шыққан жапырақтарды, бұтақтарына қонатын құстарды аңсайды. «Жалғыздық деген – өз-өзіңмен бетпе-бет келу», депті бір данышпан. Дұрыс та шығар. Ал бұл ұғымды рухани еркіндіктің бастауы деген түсінікпен қабылдайтындар да жоқ емес.
Спорт • 04 Ақпан, 2025
20 наурызда Грекияның астанасы – Афинада Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясы өтеді. Сол жиында аталған ұйымның президенті сайланады. Қазіргі басшы Томас Бахты алмастыруға Себастьян Коу мен Йохан Элиаш (Ұлыбритания), Кирсти Ковентри (Зимбабве), Хуан Антонио Самаранч – кішісі (Испания), Фейсал аль-Хусейн (Иордания), Давид Лапартьян (Франция), Моринари Ватанабэ (Жапония) сынды үміткерлер ниеттеніп отыр.
Сұхбат • 04 Ақпан, 2025
«Күлдіремін деп бүлдіріп жүр...»
Әзіл-сықақ әлемін зерделеген ғұламалардың пайымдауынша, ештеңеден қорықпайтын адам күлкіден ғана қорқады екен. Ендеше, күлкі – қаһарлы қару, оны қолдан түсіруге болмайды. Алайда осы күні сатираның бар-жоғын түгендегенде памфлет, эпиграмма, фельетон сынды жауынгер жанрлар саптан шығып қалғандай әсер қалдырады. Мұның себебі неде? Жалпы, қазір қымбат күлкінің құны кетіп, сатираны биік өнер деңгейінен түсіріп алған жоқпыз ба? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында оспақтың отымен кіріп, күлкінің күлімен шығып жүрген «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик Мұхтар Шеріммен әңгімелескен едік.