Фармацевтика • 04 Ақпан, 2025
Дәрі-дәрмекті есепке алу жүйесі жаңарады
Былтыр дәрілік препараттарға баға белгілеу жүйесін жетілдіру мәселесі бірнеше рет талқыланды. Дәрі-дәрмектердің объективті құнын қалыптастыруда баламалы ақпаратты пайдалануға негізделген ашық, тиімді тетіктерді құрудың маңызы жөнінде айтылды. Айтса айтқандай, биыл елде дәрілік заттарға баға белгілеудің тетіктері жаңаратын болды.
Денсаулық • 04 Ақпан, 2025
АИТВ – емделмейтін инфекция емес
Адамзатты алаңдатып отырған түйткілдің бірі – адамның иммун тапшылығының вирусы (АИТВ) инфекциясы. Елімізде бұл дертке шалдыққан науқастар аз емес. Атырау облысында аталған инфекцияны жұқтырудың алғашқы дерегі 1993 жылы тіркелген.
Медицина • 04 Ақпан, 2025
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалауды жалғастыру керек. Сонымен қатар бірқатар заңнамалық шара қабылдау қажет. Үкімет Парламентпен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы заң жобасын жедел пысықтауы керек. Құжат осы сессияның соңына дейін қабылдануға тиіс», деп атап көрсетті.
Заң мен Тәртіп • 04 Ақпан, 2025
Былтыр 1 шілдеде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Құжатқа қол қойылғанға дейін жобаға ғалымдар тарапынан отандық ғылымды дамытуға, саладағы біраз кедергіні жоюға, ғылыми ұйымдардың жұмысын жетілдіруге байланысты өте көп ұсыныс айтылды. Алайда түрлі себеппен қосылмай қалды. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында заңға өзгерістер енгізілмек. Осыған орай өткен аптада Ұлттық ғылым академиясы ашық талқылау ұйымдастырды, пікірталасқа сол кездегі Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан АХМЕД-ЗАКИ (материал даярланып жатқан кезде ректорлық қызметке ауысты – ред.), Мәжіліс депутаты Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ғалымдар қатысты. Отырыстағы орынды ойлар мен лайықты уәждердің жазбаша нұсқасын оқырмандарға ұсынамыз.
Қоғам • 04 Ақпан, 2025
«Алтын жас»: зейнеткер әлеуеті
«Алтын жас» жобасы Қарағандыда да қанат қақты. Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен арнайы қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта жекеменшік білім беру орталықтары көп. Зейнеткерлердің көбісі сол жерде сабақ беріп жүр.