Өндіріс • 04 Ақпан, 2025
Жамбыл облысында кейінгі жылдары әлеуетті инвесторлар тарту арқылы өндіріс ошақтарын көбейтуге басымдық беріліп отыр. Жергілікті атқарушы билік өкілдері шетелдік және отандық инвесторларға қолдан келгенше қолдау көрсетеді. Жыл басынан бері өңірде екі зауыт ашылды. Мамыр айында «Тараз» индустриялық аймағында металлургиялық кәсіпорын іске қосылмақ.
Логистика • 04 Ақпан, 2025
Логистика: әртараптандыру мүмкіндігі
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында логистика мәселесіне де көңіл аударғаны белгілі. Президенттің пікірінше басты артықшылығымыз деп ауыз толтырып айтуға болатын транзит бағытын толық әрі тиімді пайдалануымыз керек. Әрине, бұл реттегі алғышарт – жолдарды тез әрі сапалы салу. Бұл бағытта атқарылған іс аз емес. Ендеше соларға аз-кем шолу жасап көрейік.
Сұхбат • 04 Ақпан, 2025
Әсел Әбен: «Жасыл экономика» табиғатпен үйлесімдікте жүзеге асады
Мемлекет басшысы таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналғанын атап айтты. Президенттің сөзінше, бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін. «Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда Президент жанындағы ҚСЗИ Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы Әсел Әбенмен әңгімелесудің орайы келді.
Экология • 04 Ақпан, 2025
Қоқысты сұрыптағанның ұтары көп
Ертіс-Баян өңіріндегі еңбек ұйымдарында қоқысты сұрыптап жинау әдісі енгізіледі. Содан соң қоқысты тұрмыстық жағдайда сұрыптауға көңіл бөлінбекші. Есесіне тұрғындар коммуналдық қызметке аз төлеуі мүмкін.
Қоғам • 04 Ақпан, 2025
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне жүгінсек, кейінгі он жылда елімізде 582 ауылдың түтіні біржола өшкен. Халықтың 38%-ы, яғни 7,5 млн адам ауылда тұрса, бұл көрсеткіш жыл сайын кеміп барады. Келеңсіз үдеріс әсіресе солтүстік өңірлерде қатты байқалып отыр. Қаңырап бос қалған ауылдардың бойына қан жүгіртетін бірден-бір «донор» қазақ көші екенін айтады білікті мамандар.