Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің маңызы зор
Сенатта Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды. Шараны Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті ұйымдастырды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
«Қарағанды – Елбасымыздың еңбек жолын бастап, маңдай тері төгілген жер»
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов халыққа есеп беру кездесуін дәл осындай сөздермен бастады. «Жалпы алғанда, – деді өңір басшысы, – облысымыздың өткен жылғы дамуы жаман болған жоқ. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен бір жыл ішінде бірқатар оң өзгерістерге қол жеткіздік. Экономиканың барлық саласында ілгері даму бар. Атқарылған жұмыстар да аз емес».
Бағдарламалар • 26 Ақпан, 2018
Латын қарпіндегі алфавит – рухани азық
Әулиекөл ауданында Москолев деген ауыл бар. Бұл ауылды еліміздегі ауыл шаруашылығы мамандары, ғалымдар, тіпті кәсіпкерлер де жақсы біледі. Білетіні – мұнда төрт түліктің ішінде Зеңгі бабаның еті ақ мәрмәр атақты Әулиекөл тұқымы өсіріледі.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Тоқмадиге қатысты сот процесі жалғасуда
Осыдан он төрт жыл бұрын, яғни 20 04 жылдың желтоқсан айында «ТұранӘлем» банкінің басшысы Ержан Тәтішев Жамбыл облысының Отар аумағында оқ тиіп қайтыс болған еді. «Тойота Ланд Крузер» көлігімен далада аңды қуып келе жатқан банкир 12-калибрлі мылтықты көліктің арт жағында отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмадиге берген. Сол сәтте, яғни көлік шұңқырды басып өткен кезде мылтық өздігінен атылып кетіп, Ержан Тәтішевтің желкесіне тиген. Банкир қаза тапқандағы шешім осы еді. Сондықтан да 37 жастағы банкирдің жұмбақ өлімі бойынша «Аңшылық кезінде жазатайым мерт болды» деген қорытынды шығарылған болатын.
Әлем • 26 Ақпан, 2018
Samsung жаңа Galaxy S9 және S9+ смартфондарын таныстырды
Жексенбі күні, оңтүстіккореялық Samsung компаниясы жаңа Galaxy S9 және S9+ смартфондарын таныстырды. Презентация Барселонадағы Халықаралық ұялы конгрессте өтті, деп хабарлайды РИА ақпараттық агенттігі.