Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Жанар-жағармай жеңілдіктері жолда «ғайып» болады
Жылдағы дәстүрмен көктемгі егіс науқаны басталатын кез де жақын қалды. Аграрлық сала мамандарын алдымен мазалайтын жайт – жанар-жағармай мәселесі. Мемлекет жыл сайын арзандатылған отын бөліп отырса да, оны жеткізуге келгенде ойламаған жерден проблема туындап жатады. Қазақстан егіншілеріне солярканы жеңілдетілген бағамен тарату схемасын қайта қарауды биыл Мәжіліс депутаттары ұсынып отыр.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2018
Бұл – аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың тұрғындар алдындағы алғашқы есебі. Баяндамада қол жеткен жетістіктер қамтылумен қатар Елбасы алға қойған талаптардан туындайтын міндеттер де айқындалды.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Талдықорғанда балалар жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайды
Өткенде ғана Талдықорған қаласы тұрғындарының саны жыл сайын артып келе жатқанын жазған едік. Облыс орталығына қоныстанушылардың көбеюі қаладағы әлеуметтік нысандардың қызметін тұтынатын адамдар үлесінің өсуіне әкелетінін айтқанбыз. Әсіресе мектеп жасындағы балалар санының артуы жалпы білім беретін ошақтар қатарының жетіспеушілігін сездіріп отыр.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Әлемдегі ең алып континет – Еуразия кеңістігінің қақ ортасында, мұхиттардан жырақ орналасқандықтан біздің даламызда су тапшылығы әлімсақтан бар және бұл проблема тарихтың қай кезеңінде болмасын біздің халқымыздың тағдырына орасан зор ықпалын тиігізіп келеді. Тіпті ата-баба дәстүріміздің, көшпелі өмір салтымыздың қалыптасуына, тіршіліктің басты көзі ретінде мал шаруашылығының таңдап алынуына осы проблеманың төтенше әсері тиген. Ұшқан құстың қанаты талатын ең алып өңірлерге Сарыарқа, Бетпақдала, Мойынқұм секілді атаулар берілуінің өзі осы проблеманың біздің халқымыздың тарихымен қабаттаса өріліп келе жатқандығын көрсетеді.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Жаңа графиканың тұсаукесері өтті
Халықаралық ана тілі күні шеңберінде Матья Губица атындағы Загреб мектебінде қазақ тілінің қазіргі заманғы дамуына және Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуіне арналған мәдени іс-шара өтті.