Әдебиет • 28 Ақпан, 2024
Қостанайдағы облыстық кітапханада балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. «Балалар әлемін таңғалдырған талант» деп аталатын тақырып аясында өткен іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
Әдебиет • 28 Ақпан, 2024
Замандастары Мұртаза мен Мағауинді шойын жолдағы қосылмайтын қос рельс секілді көретін. Рельс демекші, көзімізбен көріп, көңілімізге тоқыған сондай да бір оқиға болған. Екеуінің бүкіл өмірін көз алдыңа әкелетін бір сәттік қана эпизод. Ойлап қарасаң, өзіңе де сабақ болатындай қызық жағдай.
Театр • 28 Ақпан, 2024
Қуыршақ театрында – Бекзат бейнесі
Алматыдағы қуыршақ театры спорт тарихында өшпес із қалдырған ұлт мақтанышы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттарханның бейнесін кішкентай көрермендерге «Чемпион» атты жаңа қойылыммен таныстырды. Алғаш рет сахналанып отырған чемпион туралы туынды Бекзаттың дүниеге келуінен бастап, оның Олимпиада жүлдегері атануына дейінгі тұтас ғұмырын жігерлі баяндайды.
Сұхбат • 28 Ақпан, 2024
Изабель АЛЕНДЕ, жазушы: Кітаптарым 77 миллион данамен сатылды
Ол бала жасында оңашалықты қалап, Шекспирдің кітаптарын оқып өсіпті. Өмірдің сан қатпарлы сырына, ғажайып әлемнің өзгеше құбылыстарына ерте қызыққан ол кейін өсе келе магиялық реализм стилінде қалам тербейтін үлкен жазушы болды. Чилидің әдебиеттегі Шолпан жұлдызы атанған Изабель Аленде бір ғана «Рухтар үйі» атты романымен әлемге танылды. Романнан саяси астар іздеген оның туған елі аталған шығарманы басып шығаруға тыйым салды, тіпті сол тұста өзге испан тілді елдер де Изабель Аленденің есімінен ат-тонын ала қашты. Бұл күндері Калифорнияда тұрып жатқан оған сұхбат алу ойымыз бар екенін айтып хабарласқанымызда, тұңғыш рет қазақ журналисіне сұхбат беріп отырғанын айтып, келісім берді.
Басылым • 28 Ақпан, 2024
Балалар басылымы өз оқырманын іздейді
Елімізде балаларға арналған 30-ға жуық мерзімді басылым жарық көреді. Газет-журналдар жеткіншек оқырманының талғамына татымды, тұщымды дүние ұсына алып жүр ме деген сауал – өз алдына бөлек әңгіме. Айтпағымыз – балалар басылымының таралымы, жазылым жайы.