Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
12 отбасы 1946 жылы салынған үйде қалтырап отыр
Жақында Риддер қаласының Ирина Дергачова есімді тұрғыны хабарласты. «1946 жылы салынған апатты үйде тұрып жатырмыз. Тәуелсіз сарапшылар үйді апатты деп таныса да жергілікті әкімдік бізді басқа үйге көшіруге асығар емес» деген ол ескі үйде 5 баламен тұрып жатқанын айтты. Мән-жайды білейік, мәселенің анық-қанығына көз жеткізейік деп Риддерге арнайы барып, қырық жамау баспананың тұрғындарымен кездесіп, пікірлерін тыңдап қайттық.
Қысқы спорт • 26 Ақпан, 2018
Пхенчхан-2018: Дерек пен дәйек
Тура он жеті күнге созылған Пхенчхан Олимпиадасы өз мəресіне жетті. Биылғы Олимпия ойындары Сочи Олимпиадасынан да жоғары деңгейде өтті деуге толық негіз бар. Оған XXIIІ қысқы Олимпия ойындарының көрігін қыздыруға 92 елден 2925 спортшы келгені, Сочидегіден 7 спорт сайысы мен 15 медаль жиынтығының көптігі, ал жарыстар кезінде 20-дан аса Олимпиялық рекордтың тіркелгені толық дəлел бола алады. Бүгінде тарихтың қойнауына енген бұл Ақ Олимпиадада ақырғы сəтіне дейін қатысушы командалар топ басына таласты.
Парламент • 26 Ақпан, 2018
Тасқынның алдын алу – кезек күттірмес мәселе
Соңғы 10 жылдың көлемінде еліміздің барлық өңірлерінде елді мекендерді су басып, тұрғындардың үйлеріне, жолдар мен көпірлерге, басқа да ғимараттарға қауіп төндірген жағдайлар жиі қайталануда.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2018
Елімізде Грепплинг федерациясы құрылды
Өткен аптада елімізде бүкіләлемдік AIGА әуесқой грепплинг федерациясы құрылды. Федерацияның мақсаты – спорттың осы түрін әуесқойлар арасында дамыту.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Қыздардың күрес академиясы ашылды
Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен қыздар күрес академиясының таныстырылу рәсімі өтті.