Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Алматыда педиатрлар пәтерлі болды
Бұл күнде «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқылы баспаналы болып отырғандардың саны артуда. Аталмыш шара аясында Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ арасында келісім жасалып, нәтижесінде ол мәміле ақ халатты мамандардың қоныс тойларына ұласуда.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
ОҚО-да су тасқынынан қауіп жоқ
Қақаған қаңтардың өзінде бір сіркіретіп жауып алатын Оңтүстіктің аспаны ақпан ортаймай жатып көз жасын жиі-жиі төгіп жатыр. Ал жылы жаңбыр алтынкүрек сияқты тау бөктеріндегі қарды күрт ерітіп, тасқынға соқтыруы әбден ықтимал. Сондықтан облыс әкімдігі су тасқынынан келетін қауіптің алдын алу шараларын ерте қолға алды.
Президент • 26 Ақпан, 2018
Мал ұрлаушыларға жазаны күшейту қажет
Қайбір жылдары қылмыстық заңнамаларды ізгілендіреміз деп жекеменшікке қол сұғатын ұры-қарылардың еркін тайраңдауына жол беріп отырмыз. Осының салдарынан қоғамда қылмыстың кейбір түрлеріне қатысты алаңдаушылық күшейіп, заңның әділдігіне деген сенім азаюда.
Парламент • 26 Ақпан, 2018
Атырау облысының тұрғындары ауыз су тапшылығына ұшырап отыр
Атырау облысының тұрғындары ауыз судың тапшылығына ұшырап отыр. Бұл өлкеде жерасты тұщы су қорлары мүлде жоқ. Экономикалық жағынан еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан осы облыстың Атырау қаласы, Индер және Махамбет аудандарының тұрғындары ауыз суды трансшекаралық су айдыны болып табылатын Жайық өзенінен алады. Бұл өзеннің гидрологиялық деңгейі Ресейдің Орынбор облысында орналасқан «Ириклинский» су қоймасынан жіберілетін су көлеміне тікелей тәуелді.