Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
«Тоғызқұмалақтың» мобильді нұсқасы жасалды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің студентері мен магистранттары Мейірхан Есеев, Галы Махмуд, Лесбек Шағи, Нұрдәулет Рахымберді қазақтың ұлттық «тоғызқұмалақ» ойынын (PlayMarket және AppStore) қолжетімді әрі мобильді нұсқада әзірледі. Бұл ұлттық ойындарды цифрландырудың идеялық дем берушісі әрі авторы – ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов. Ал жобаның жетекшісі ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Жанат Нұрбекова.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2018
Спорт мектептері колледжге айналады
Егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылғы 5 ақпандағы нөмірінің «Парламент» бетінде Мәжіліс депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің Мәдениет және спорт министріне жолдаған сауалы жарияланған еді. Онда депутат Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы облыстық спортқа бейім балаларға арналған мектеп-интернаттың мәселелерін көтерген. Осы спорт мектебін бітірген түлектердің көбі аз қамтылған отбасылардан шыққандықтан ЖОО-ға түсе алмайды, ал спорттық шеберліктерін кейінгі жастарға үйретейін десе, дипломдары жоқ. Сондықтан спорттан орнын таба алмай, басқа салаларға кетіп жатыр. Осы мәселені шешу үшін спорттық мектепті колледжге айналдыру керек, сонда оқу орнын бітірген балалар әрі қарай оқымаса да спорттан қол үзбей жаттықтырушы, нұсқаушы сияқты қызметтерге тұра алар еді. Серік Сәпиев өзінің сауалында осындай мәселе көтеріп, бұл ұсынысты Мәжілістегі тағы бір Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина да қолдаған.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Көкжиекті қызғылт түске бояп, құланиектеніп таң атып келеді екен. Даланың қырмызы гүлдері мен алуан түрлі өсімдіктерін таң самалы тербетіп тұрғандай... Ығы-жығы қалың жұлдыздар таң жарығы молайған сайын көмескі тартып барады. Түнгі маужыраған ұйқыдан оянған жан-жануар атауы өз тірліктеріне кірісіп жатыр.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан кейін жер-жерде ұлттық мұраға деген ықылас арта бастады. Осы мақсатта облыстық «әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы маусымдық мерекелерді ел арасына кеңінен насихаттап келеді.
Парламент • 26 Ақпан, 2018
Туризмді дамытамын деп, қарызға батты
Соңғы жылдары Қазақстан экономикасын диверсификациялау мәселесі көп көтерілуде. Осының бір бағыты – туристік саланы дамыту.