Әскер • 28 Ақпан, 2023
Қостанай облысының Қарабалық ауданы Ресейдің Челябі облысымен шектесіп жатыр. Шекарадағы «Қайрақ» автомобильдік бақылау бекетінен тәулігіне 2 мыңға жуық автокөлік, 5 мыңдай адам ары-бері өтеді екен. Жазғы барыс-келіс қызған шақта күн сайын шекара бекеті арқылы кіріп-шығатын көлік саны 3 мыңға жуықтайды, ал адам саны 8 мыңға дейін жетеді.
Тарих • 28 Ақпан, 2023
Бозоқ: ұлттық парк – дарқан дала жылнамасы
Тәуелсіздік жылдарынан бері қоғамда тарихқа деген қызығушылық артты, археологиялық және жазбаша дереккөздердің кең ауқымын зерттеуге мүмкіндік те көбейді. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» бағдарламаларын іске асыру барысында ұлтымыздың орасан зор мәдени мұрасын зерделеудің тұтас жүйесі құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр халық өз тарихын бөтен идеологияның ықпалына түспей жазуы керек екенін атап өткен еді. Соған сай тамырын тереңнен тартатын ғылыми жұмыстар бүгінгі таңда да екпінді жүргізіліп келеді.
Сұхбат • 28 Ақпан, 2023
Өзіңді табу, өзіңді тану – адамдық мұрат
Жанат Әскербекқызының жырлары санада естеліктер кенішін оятып, алысқа құлаш ұрғызады. Ақынмен «Миф-о-поэзия» кітабы жөнінде әңгімелесудің сәті түскен болатын.
Төтенше жағдай • 28 Ақпан, 2023
Биыл қыс айларында қардың көп түсуіне және ауа температурасының күрт жоғарылауына байланысты Алматы облысының Талғар және Жамбыл аудандарында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ақпанның аяғында аталған аудандардағы бірнеше елді мекенді еріген қар суы басып, тұрғындардың берекесін алды.
Спорт • 28 Ақпан, 2023
Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезеңдік сайысы аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасына жалғыз жүлде бұйырды.