Қоғам • 28 Ақпан, 2022
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың Президенттік жастар кадр резерві өкілдерімен офлайн және онлайн форматтарда кездесуі өтті. Бұл кездесуге 2021 жылдың соңында конкурс қорытындысы бойынша резерв құрамына өткен жастар қатысты.
Спорт • 28 Ақпан, 2022
Қысқы Олимпиада қорытындыланды
Щучье қаласында жуырда ғана Қытай астанасы – Бейжіңде мәресіне жеткен XXIV Қысқы Олимпиададағы Қазақстан ұлттық құрамасының нәтижесіне сараптама жасалған қорытынды жиын өтті. Отырысқа Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Парламент Сенатының депутаттары, Ақмола облысы әкімдігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, министрлікке бағынысты ұйымдардың өкілдері, Қысқы спорт түрлері федерациясының басшылары, сондай-ақ мемлекеттік жаттықтырушылар қатысты.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2022
Елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара сауданы кеңейту, одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларындағы интеграциялық әлеуетті дамыту мәселелері қаралды.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2022
Ерлан Қошанов: Президенттің батыл әрекеттері еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтады
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына барып, өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Сайлаушылармен кездесуге облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2022
Елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қалай таңдайды?
Жалпы республикада әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы халыққа медициналық қызмет көрсетуге 1389 медициналық ұйыммен шарт жасасты, олардың жартысынан көбі – жеке ұйымдар, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-сұлтан қаласы әлеуметтік медициналық сақтандыру филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.