Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге сараланған тарифтің енуіне орай 1 наурыздан бастап оқушылар мен студенттердің өз тарифтеріне байланысты «TOLEM» карталары болмаған жағдайда 35/50 теңге орнына 100 теңге төлеуі керек болатын.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
«Сергек» бейнекамералары Өскеменде қылмыс пен жол көлік оқиғаларын едәуір төмендетті. Сондықтан да, бұл жоба Семей қаласында да жүзеге асырылмақ. Оған шамамен 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Патогенмен ұшырасқанда вакцинацияланған адамның артықшылығы қандай болмақ? Бүгін коронавирусқа қарсы вакцина егудің не үшін тиімді болатыны туралы эпидемиолог, Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова баяндады, деп хабарлады Egemen.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың үйіне Жамбыл облысының әкімі арнайы барды. Ақынның жуырда ғана жарық көрген бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Тарих және шетел тілдері институтының 1 курс магистранты Айсана Анарбай «Science and Technology» халықаралық ғылыми жобалар байқауында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.