Білім • 01 Ақпан, 2018
Медицина • 01 Ақпан, 2018
Автобустар жағдайы жақсартылмақ
«Егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы санында «Автопарктер тендер шартына сай емес» тақырыбында проблемалық мақала жарияланған еді. Онда Семейдегі автобус парктерінің салғырт жұмысы туралы айтылған. Осы мәселе облыс әкімдігінің назарында тұр. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала тұрғындары алдағы уақытта автобус, көлік тасымалы қызметінде біршама жақсылыққа қол жеткізбек.
Таным • 01 Ақпан, 2018
Өткен сейсенбі күні «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Израиль мемлекетінің елшілігі мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұжымы бірлесіп, Халықаралық холокост құрбандарын еске алу күніне арнап, «Дипломаттар – әлем халықтарының тақуалары» атты көрме ұйымдастырды.
Футбол • 01 Ақпан, 2018
Қазақстан футболында келімді-кетімді легионерлердің қатары көп. Көбіне сол легионерлерден қазақ футболына түк пайда жоқ деп қапаланып жатамыз. Шындыққа жақындау тұжырым. Көпшілігі «құнын төлемесең әкесінің көрін де қазбайды». Барлығы дерлік емес. Мысалға «Қайратта» үш жыл ойнап, үш маусым үздік сұрмергендердің көшін бастаған Жерар Гоуды алайық. Қанша қаражат алса да, жанкүйер қауымның көңілінен шыққаны белгілі. Қайтарымы болған.
Спорт • 01 Ақпан, 2018
Келесі аптаның аяғында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII Қысқы Олимпия ойындарының жалауы желбірейді. Ақ қар, көк мұз үстінде өтетін төрт жылдықтың басты додасына баратын қазақстандық спортшылар бүгіннен бастап Олимпиада қалашығына қоныстана бастайды. Ең алғашқылардың бірі болып Оңтүстік Кореяға биатлоншыларымыз орналасты.