Медицина • 01 Ақпан, 2018
Ергежейлі христиан мен зағип мұсылман
Мына фото 1889 жылы Дамаскіде түсіріліпті. Жәдігерді Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің докторанты Қуат Қабдолдаұлы өзінің жеке парақшасына жариялаған еді. Қазір бұл сурет дінаралық татулық пен бірліктің символы ретінде әлемге танымал. Өйткені бейнедегі екі адамның бірі – мұсылман да, екіншісі – христиан. Яғни Абдулла есімді туа да соқыр мұсылман, өзінің досы ергежейлі, әрі сал ауруына шалдыққан христиан Самирді өмір бойы арқалап жүрген.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2018
Көшелерге билердің есімі берілді
Ақмола облысына қарасты Сандықтау аудандық соты судьяларының ұсынысымен және жергілікті әкімдіктің қолдауымен осы аудандағы кейбір елді мекендерде көше атаулары қазақтың тарихи тұлғаларының есімімен өзгертілді. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Қаржы • 01 Ақпан, 2018
Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндірді
Елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа Кодекс күшіне енгені белгілі. Қазіргі уақытта Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының бастамасымен Ұлттық экономика және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздің аймақтарында жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинарлар ұйымдастыруда. Жақында Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының салық төлеушілеріне арналған семинар Өскемен қаласында өткізілді.
Ауыл • 01 Ақпан, 2018
Өнер • 01 Ақпан, 2018
Бұрынғы ән мен қазіргі ән һәм тұйық ойдың тұңғиығы
Сөз – ұғым. Ұғым танымды қалыптастырып, таным тұтас ойлау жүйесін түзеді. Сөзіне қарап отырып жеке адам ғана емес, бір ұлттың да ойлау жүйесіне үңіліп көруге болатын секілді. Қазақтың мақал-мәтел, қара өлеңі, қысқасы, жалпы ауыз әдебиеті ұлттық ойлау жүйесінің көрсеткіші іспетті. Оған, әрине, музыкасы қосылады. Әңгімеміз ән төңірегінде болған соң, классикалық әндер сөзінің табиғаты жөнінде өте өзекті санаған ойымызды қысқаша ғана айта кетсек.