Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Ресейлік тарихшы Әлия Молдағұлова туралы кітап жазды
Ресейдің Ярославль облысындағы әскери тарихшы Дарья Тимошенконың «Последний бой Алии Молдагуловой» атты кітабы жарық көрді. Ата-анасынан ерте айырылған Әлияның балалық шағы 1935 жылдан Ленинградтағы ағайының қолында және осы қаладағы №46 балалар үйінде өткені белгілі. Ленинград қаласына қауіп төнгенде 1942 жылы балалар үйін Ярославль облысының Некрасов ауданындағы Вятское селосына көшіреді. Әлия сол жылы осындағы мектепте наурыздан мамыр айына дейін оқып, 7-сыныпты бітіреді де, одан кейін Рыбинск қаласындағы авиациялық техникумға кетеді. Жақында Вятское селосында батыр қызға арналған ескерткіш-тақтаның ашылу салтанатында осы кітаптың тұсаукесері де болды.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Аудандық музей деген аты ғана...
Тарихымызды танып, өткенімізді білуде музей ерекше орын алады. Музей төріндегі құнды жәдігерлер бағзы замандағы бабалар рухын танытып, ұлы даланың ұлағатын алдымызға тартады.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Шейх Ахмет Тарази және «Көркем сөз өнері»
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген әрдайым жадымызда жүретін ұлағатты сөздер бар. Шын мәнінде де тәуелсіздік жылдары қоғам өмірінің сан-саласында қол жеткізілген бұрын-соңды болмаған толағай жетістіктерімізді молайта түсу жолында бойымызға күш-қуат беретін тарихи құндылықтарымызды санамызда жаңғыртып отыруымыз керек.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Атырауда адами капиталды дамыту – басты назарда
Атырау облысындағы мектептер робот-техника кабинеттерімен жабдықталуда. Қазір аймақта осындай он кабинет бар және бәрі Атырау қаласында. Ауылдағы балалардың да заман ағымынан тыс қалмай, технология жетістіктерін танып, біліп өсулеріне көңіл бөлінбек. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талдау мақсатында Атырау мұнай және газ университетінде өткен дөңгелек үстелде облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова осы бағытта қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Технология мен табиғат үйлесімі бұзылмауы тиіс
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы бүгінде еңбек ұжымдарында, білім беру ұйымдарында, ғылыми мекемелерде, басқару органдарында, құқық қорғау, қорғаныс саласында және басқа да құрылымдарда кеңінен талқыланып, қолдау табуда.