Тағзым • 28 Ақпан, 2024
«Алдым – сағым, артым – сағыныш...»
Өткен жылдың нәуірзек құс келетін наурыз айында мәңгілік мекеніне аттанған, мына фәни дүниеде 85 жыл ғұмыр кешкен Сағындық Қыдыр ақсақалдың жазу үстелінен бақиға кетерінен он шақты күн бұрын маржандай жазуымен қағазға түсірген жазбасын таптық. «Төредей болып төрімде отыратын әкемді сағынам, өмірін перзенттері үшін қиюға даяр анамды сағынам, балалығым өткен қырдың беткейіне тігілген қойшының жалғыз қараша үйін сағынам» деп жазған екен өтпелі кезеңдерде жарқын да күрделі өмір жолын өткерген қария.
Зерде • 28 Ақпан, 2024
Әл-Фараби... Даңқ дабылы заманалар қойнауына жеткен бірегей есім. Сом тұлға. Әйгілі Гегель: «Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» қырық рет, «Риторикасын» екі жүз рет, «Жан туралы» атты кітабын жүз рет оқыған екен. Неткен таңғаларлық еңбек!» деп бас шайқаған. Ал белгілі ағылшын музыка зерттеушісі Фармер: «Барлық ғылымдар саласында Әл-Фараби – «Екінші ұстаз», ал музыкада бір өзі ғана бас король» деп пікір айтқан-тын.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Жетісу өңірінде спорт саласына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Әсіресе шалғай ауылдарды саламатты өмір салтына баулу дәстүрі қолға алынбақ. Осы ретте облыста биыл 11 спорт нысаны бой көтереді. Оған бюджеттен 6 млрд теңге бөлінген. Жақында ғана Алакөл ауданы Достық ауылында 80 орынды жаңа спорт кешені ашылды.
Спорт • 28 Ақпан, 2024
Түркістанда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан 820 жас татами шебері қатысып, 8 салмақ дәрежесінде күш сынасты.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Жақында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың БАҚ өкілдерімен кездесті.