Кино • 02 Ақпан, 2018
Кейіпкерін сүймей, елін сүймейді
К.Станиславскийдің әйгілі жүйесінде «кейіпкержандылық өнері» және «кейіпкерсындылық өнері» деген терминдер бар. Қазақ киносындағы жасалып жатқан көп дүниелер осы анықтаманың соңғысы іспеттес. Қандай ұлттық кейіпкер болсын образының ішіне ендеп кіре алмайды, тек сырт бейнесін кейіптейді. Ханы «хан сынды», қарасы «қара сынды», баласы «бала сынды», данасы «дана сынды». Жан жоқ. Характер жоқ. Түйсіну жоқ. Себебі, бұл бейнелер (ұлттық бейнелер) авторға (режиссерге) таныс емес. Сырт келбеті ғана елес береді. Онда да бірлі-жарым орыстілді авторлардың түсірілім, жазба картиналары арқылы ғана. Сол арқылы долбарлап кейіптей береді. Тарихи фильм болса, алқа-қотан отырғызып, кеңес құрғызады, атқа мінгізеді, қымыз ішкізеді, қамшы ұстап, сақалдарын саумалатып, ыңырантып кеңес бастатқызады. Қайта-қайта аттарын кісінеткізіп, қыздарын жарқабаққа отырғызып ән салдырады. Заманауи фильм жасаса, тіпті сорақы, тіпті мемлекетіңді, ұлтыңды танымай дүдәмал күй кешесіз.
Әдебиет • 02 Ақпан, 2018
Марал Ысқақбай - бекзат суреткер
Бүгінгі күні сексеннің сеңгіріне көтеріліп отырған жазушы ағам Марал Ысқақбайдың үлкенді-кішілі шығармаларын қайта оқыдым. Алды осыдан қырық-елу жыл бұрын жазылса да, еш ескірмеген. Ең бастысы – ол осы келелі де кемел шығармаларында өз басы мен кейіпкерлері қандай қоғамда ғұмыр кешті, қалай өмір сүрді, не бітірді, қандай адам екендіктеріне жақсы жауап берген. Нақ осы тұрғыдан келсек, ол алғашқы қадамдарынан бастап-ақ әдебиеттің өз адамы, төл қолтаңбасы айқын шебер, тілі таза, ділі дарқан батыл да бекзат суреткер. Алла тағала жомарт қабілет дарытса, өз басың сол талантыңды түсіне бағалап, қадірлеп, қуатын барынша ашып, шуағын шашып пайдалансаң, жақсы шығарма тууы соншалықты қиын да емес. Алайда тұла бойы текті, сойы тәрбиелі суреткерге мұның өзі де аз. Сондықтан да шығармасын қарақан бас қамы үшін емес, халқы үшін жазғандықтан ол өмір мен өнердегі қайсы бір қадамында да батылдыққа барып, бекзаттық бітім танытып келеді.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Ғылыми әдебиеттерде «сопы» сөзінің шығуына байланысты екі жарым мыңға жуық анықтама бар деген деректер келтіріледі. «Сопы» ұғымы Пайғамбарымыз дәуірінен бұрын болған, дегенмен оның ішкі мәнін толтырған Ислам болды дейді ғалымдар.
Білім • 02 Ақпан, 2018
Білім • 02 Ақпан, 2018
Техникалық гимназия – тәуелсіздік құрдасы
1991 жылы Атырау қаласында ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептің іргетасы қаланды. 1996 жылы мектеп техникалық гимназия болып қайта құрылды. Бүгінде мұнайлы аймақтағы озық ойлы өрендер білім алатын гимназия сондықтан да өз тарихын тәуелсіздікпен байланыстырады. Мұнайлы өңірде шет тілін жетік білетін жергілікті мамандарға сұраныстың жоғары болуы осы гимназияның ашылуына түрткі болған еді. 26 жыл ішінде білім ордасынан мыңдаған шәкірт түлеп ұшты. Қазір олар шетелдерде де білім алып, еңбек етіп жүр. Бірінші сыныптан ағылшын тілін, жетінші сыныптан математиканы тереңдетіп оқытатын гимназия – еліміздегі іргелі білім ошақтарының бірі.