Футбол • 02 Ақпан, 2018
Жорытқанда жолың болсын, Кабананга!
Ойда болғанымен жоспарда жоқ-тұғын. Еуропа лигасының маңызды кезеңінде кетіп қалғаны қызық болды. «Астанаға» қиын болды. Патрик Твумаси кетеді деп шулап-тулап жүр едік, аяқ астынан Кабананганы шығарып салдық. Амал жоқ, енді «Астана» Еуропа лигасындағы жорығын Кабанангасыз жалғастырады.
Әлем • 02 Ақпан, 2018
БҰҰ-ның көші-қон агенттігі Ливия жағалауында тоқсан мигранттың суға батып кеткен болуы мүмкін деп хабарлады. Зардап шеккен үш куәгердің айтуынша, суға батып кеткендердің көпшілігі Пәкістан азаматтары болған.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Оңтүстікте басқарма басшылары тағайындалды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен жаңадан құрылған және атаулары өзгерген басқармалардың басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
Астанадағы «Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданына қарасты 20 көшеге асфальт төселеді
«Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданының ұзындығы 19,5 шақырымды құрайтын 20 көшесіне жылдың соңына дейін асфальт төселеді, деп айтты «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсенбаев халықпен есептік кездесу барысында.
Жеңіл атлетика • 02 Ақпан, 2018
Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Қазақстан бірінші орында
Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінің таңертеңгі бағдарламасы аяқталды. Қазақстан құрамасының қоржына тағы 5 медаль түсті, деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.