Аймақтар • 28 Ақпан, 2019
Зеренді ауданы Көктерек ауылының маңында орналасқан Әулиетас деп аталатын киелі орын бар. Самсаған қайың-қарағай тойған қозыдай томпайып жатқан Әулиетастың жүзін көлегейлеп, жасырып тұр. Тап жанына барғанша көре алмайсыз. Тік шаншыла біткен, жақпар тастармен әлдебір шебер адам мінсіз етіп қалағандай ғажайып көрініс.
Хоккей • 28 Ақпан, 2019
Боченски мен Фрэттиннің бенефисі
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф кезеңіне шыққан елорданың «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогының 1/8 финалында Төменгі Новгородтың «Торпедо» командасымен кездесіп, алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті.
Өнер • 28 Ақпан, 2019
Астаналық циркте белгілі аң үйретуші Андрей Корнилов жетекшілік ететін «Индира» цирк шоуының гастролі басталды. Елордалық көрермен тура бір ай көлемінде, яғни ақпанның 23-і мен 25-ші наурыз аралығында үнді пілдері мен өзге де экзотикалық жануарлардың таңғажайып қызыққа толы өнерін тамашалай алады.
Өнер • 28 Ақпан, 2019
«Мына бір қаршығадай қағылез қара баланың маған алғаш кездескенде ең әуелі көзі, одан кейін сөзі, ал енді бүгін міне өзі ұнап отыр», деуші еді арқалы әнші, ауыздыға сөз бермес шешен Мотан ағамыз көңілінен шыққан ізбасар інілеріне риза болған сәттерінде. Сондай бір мақтаныш сезімі Қуандық Қыстықбаевтай талапты да талантты інілерді көргенде менің де тұла бойымды шарпып өтеді. «Зымырап бәйге атындай өте шықтым, Қамығып көріп еді көңіл неден», деп Әсет ақын жырлағандай, «Біздің Қуандық та қырықтың қырқасынан асып, ағалық жасты артқа тастап, даналыққа бой ұрған екен-ау», дейтінмін кездесе қалған сәттерде үнемі атпал азаматтың актерлік, адамдық болмысына, баладай аңқылдаған ағеділ пейіліне, парасатты пайым-пікір, ой-толғамдарына тамсанып.
Театр • 28 Ақпан, 2019
Жастар жылындағы елорда халқын қуантқан айтулы жаңалық – «Астана» комедия театрының ашылуы десек, артық айтқандық емес. Иә, енді бас қаланың комедия жанрына салаланған кәсіби театры бар.