Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Астана өмір сүруге қолайлы мегаполиске айналады
Еліміздің бас қаласының әкімі Әсет Исекешев кеше халық алдында есеп беріп, өткен жылы атқарылған шаруалар туралы айтып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Елорда әкімінің есепті кездесуіне Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Астанада Ұлттық кодты қалыптастырудағы теле-радионың рөлі жайлы конференция өтті
Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қаулысымен «Мирас» республикалық кеңесінің төрағасы болып Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бекітілгені хабарланды.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2018
Алматы ауруханалары толықтай сандық форматқа көшеді
Ағымдағы жылдан бастап Алматы ауруханалары сандық форматқа көшеді. Бұл қағазбастылықтан арылып, жүйе жұмысын оңтайландыруға жол ашпақ. Өткен жылы цифрландыру бағдарламасы аясында барлық медициналық мекемелерде электронды кезек жүйесі іске қосылған. Саладағы осы және өзге де елеулі өзгерістер туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы алқа кеңесінің кеңейтілген отырысында кеңінен айтылды.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2018
Жарма ауданында 124 миллион теңгенің меморандумына қол қойылды
Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылында кәсіпкерлік және өнеркәсіп форумы өтті. Форум барысында аудан кәсіпкерлері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жалпы құны 124 миллион теңгені құрайтын ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
«Қазақстан-Ресей: болашаққа бағытталған одақтастық» халықаралық конференциясы өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынасқа арналған «Қазақстан-Ресей: болашаққа бағытталған одақтастық» халықаралық конференциясы өтті.