Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Тауға айналған алыптар (мифологиялық толғау)
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы» деп жазғанындай, бұрынғы өткен абыз бабаларымыз ұлы даламыздың ажарын асқақтатып тұрған әрбір тау-тас, өзен-көл, арасан-бұлақ, құдық-қайнар туралы тылсым шежіре айтып, күй тартып, жыр жырлайтын. Қазақ даласы қандай сұлу әсем болса, ол туралы айтылатын аңыз-жырлардың, шежіре, мифтердің сыры мен сымбаты да тұңғиық.
Жұрт болып жұмылудың, ұлт болып ұйысудың үлгісіне бабалардан қалған сөздерді естіп, өнегелі жазбалардан оқып отырғанда көз жеткізесің. Әсіресе, қазақтың төрт құбыласын түгендеп, кемін толтырып, кетігін бітеп отырған, бір ананың, бір әкенің тете ұлыңдай үш бидің өнегесін ту етіп төбеңе көтерсең, көкейіңе шырақ етіп жағып жүрсең, алдыңғының ақыл-парасатын қарынның қамы демей, көңіліңнен кетірмей, қарауылдай баға білсең – береке бірлік салтанат құрып, ұтылмайды екенсің.
«Кремль есебі» және «қара тізім»
Жақында АҚШ-тың қаржы министрлігі алдағы уақытта санкция салынуы мүмкін ресейлік азаматтардың аты-жөнін жариялады. Ол тізім «Кремль есебі» деп аталды. «Есептегі» 210 адамның ішінде президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, үкімет мүшелері, жоғары лауазымды саяси тұлғалар және ірі мемлекеттік компаниялардың басшылары бар.
Президент • 05 Ақпан, 2018
Тәуелсіздіктің өліара кезеңіндегі қиындықтар, тығырыққа тірелген тұстар, жеңістер мен жемістер – бәрі-бәрі көз алдымызда. Еліміз жаңғыртудың үш толқынын бастан кеше отырып, қалыптасқан, дамыған мемлекет деңгейіне жетуі шұрайлы тілмен, нақты мысалдармен баяндалып, қазіргі көпэтносты қазақстандық қоғамды іштей біріктіруші фактор ретіндегі ұлттық идеяның рөлі ерекше атап өтіледі.
Теннис • 05 Ақпан, 2018
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды
Қазақстан құрамасы теннистен ұлттық командалардың бейресми әлем чемпионаты саналатын Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды.