Әлем • 05 Ақпан, 2018
Дональд Трамптың жолдауында не айтылды?
АҚШ президенті Дональд Трамп Америка халқына арнаған жолдауын жариялады. Онда Ақ үй басшысы бірқатар мәселелерді қамтып, атқарылған шаруаларға тоқталып, алдағы жоспарымен бөліскен. Әлемдік баспасөздер Д.Трамптың жолдауы аяқтала сала онда айтылған мәселелерді талқылауға кірісіп кетті.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Орталық Азия: ортақ мүдделер мен құндылықтар тиімді ынтымақтастық бастауы
Жаһандану үдерісінің барынша екпін алуы, халықаралық сауданың қарқынды өсуі кез келген өңір халықтарын өзара одақ, түрлі альянстар аясында бірігуге шақырып отырғандығы белгілі. Өйткені әлемнің әрбір елі ең алдымен түбі бір халықтармен және өзі отырған өңірмен түрлі саладағы байланыстарын дұрыстап жолға қойып алған жағдайда ғана жаһандану үдерісіне жақсы дайындықпен қосыла алатыны уақыт өткен сайын айқындала түсуде. Бұл – жаңа ғасыр туындатып отырған өзгерістер аясында іріленген халықтар мен халықтық бірлестіктер ортасында жұтылып кетпеудің өзіндік бір амалы.
Әлем • 05 Ақпан, 2018
Солтүстік Кореяның Парламент төрағасы Оңтүстік Кореяға баратын делегацияға жетекшілік етпек
Солтүстік Корея қысқы Олимпиада кезінде екі ел арасындағы шиеленісті жеңілдету барысында көптеген жылдар бойы жоғары лауазымды қызметтерді атқарған ресми өкілін Оңтүстік Кореяға жібереді, деп хабарлады BBC ақпараттық агенттігі.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Тұрақтылық пен тұтастық – Мәңгілік Елдің тірегі
Жалпы, мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңіне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, небір күрделі жағдаяттарды бастан өткергенін, талай қиын-қыстау күндерді, сын-сынақтарды сүрінбей еңсергенін көреміз.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Алыстағы ауылдарға байланыс қашан жетеді?
Бүгінде жұрт әлемнің әр түкпірінен бір-бірімен ұялы байланысқа шығып, телефоннан тіпті бір-бірін көріп отыр. Ал Баянауыл тауының баурайындағы ауылдар байланыс аясынан тыс жерде қалып барады.