Теннис • 05 Ақпан, 2018
Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты
Еліміздің спортшылары үшін жаңа жыл жарқын жеңіспен басталды. Жекелей спорт түріндегі саңлақтарымыздың жеңістерін айтпағанның өзінде командалық жарыста да спортшыларымыздың мерейі үстем болып жатыр. Соның нақты айғағы – Қазақстан құрамасының Дэвис кубогы бәсекесінің әлемдік тобында Швейцарияны жеңуі. Ақпан айының 2-4 күндері аралығында Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өткен турнирдің 1/8 финалында отандастарымыз азулы Швейцария құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты.
Бокс • 05 Ақпан, 2018
Қамшыбек Қоңқабаев: Ауыр салмақта да бәсекелестік бар
Бокстан аса ауыр салмақта қос Олимпиаданың қоласы мен әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленген Иван Дычко кәсіпқой боксқа ауысқан соң, оның орнын қызылордалық оғлан Қамшыбек Қоңқабаев басты. Былтырдан бері құраманың бірінші нөмірлі боксшысы атанған ол өткен жылы тұңғыш рет Азия және әлем чемпионатына қатысып, екеуінде де күміс жүлде иеленді. Жуырда мамандардың назарына іліккен Қамшыбекпен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында қылмыскерге ізін жасыруға жол бермей, қолға түсірген майор Тимур Рахимовты құрметтеуге арналған кеш өтті.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Былтырғы жылдың мамыр айында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына реформа жүргізу туралы тапсырма берген болатын. Тиісінше, ТКШ туралы заңға өзгерістер енгізу жайы қарастырылды. Осы реттегі жаңалықтардың бірі – пәтер иелері кооперативтерін (ПИК) таратып, олардың орнына мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ) құру. Қарағанды қаласындағы пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері мен мүдделі органдардың мамандары «Атамекен» ҰКП облыстық филиалында болған кездесуде мәселені жан-жақты талқылады.
Бокс • 05 Ақпан, 2018
ХОК Олимпиададан боксты алып тастауы мүмкін
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Ойындардың бағдарламасынан боксты алып тастауы мүмкін. Бұл туралы комитет басшысы Томас Бах мәлімдеді.