Аймақтар • 05 Ақпан, 2018
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының қызметін облыс халқының 96 пайызы пайдаланады. Өңірлік бағдарлама аясында Азғыр аймағы мен кейбір газбен қамту көздерінен шалғай жатқан ауылдардан басқа жерлер толығымен газдандырылды. Құрманғазы ауданындағы Азғыр селосына газ тарту бойынша жобалау-сметалық құжаттар аяқталып, монтаждау жұмыстары басталды.
Білім • 05 Ақпан, 2018
Зияткерлік мектептердің өрісі кеңеюде
Қарағанды облысының әкімдігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (ДББҰ) өзара серіктестік туралы меморандум шартына отырды. Құжатқа облыс әкімі Ерлан Қошанов және «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова қол қойды.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Облыстық әкімдік отырыстарында Тайынша ауданының әкімі Ержан Иманслям сын садағынан көз ашпай келді. Соңғы жылдары өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларындағы көрсеткіштер екі есеге дейін құлдыраған. Өңдеуші кәсіпорындардың үлесі төмен. Ет, сүт, жұмыртқа жоспардағыдан кем өндірілген. Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың ескертулеріне қарамастан, ештеңе өзгермеген, әлеуметтік-экономикалық салаларды ілгерілетудің тың серпіндері сезілмеген. Ақыры жағдайды түзете алмайтынын өзі де сезген болу керек, Ержан Иманслям жұмыстан өз еркімен босатуды сұрап өтініш жазған.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Шағын бизнесті дамыту бағдарламасы таныстырылды
Алматыда Орталық Азиядағы микро, шағын және орта кәсіпорындарды (МШОК) қолдауға бағытталған шағын бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаның тұсауы кесілді.
Спорт • 05 Ақпан, 2018
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк ресми түрде қызметінен кетті. Енді футбол жанкүйерлері оның орнын кім басар екен деп тағатсыздана күтіп жүр. Ал біз осы ешкімге ұнамайтын қызметтің қыр-сырын әрі тарихын түгендеп өтсек. Сонда Қазақстан құрамасына қандай бапкер керек екеніне көзіміз жетер, бәлкім.