Спорт • 13 Ақпан, 2025
Азия ойындары: Медаль жауған күн
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарына ел қоржынына кезекті жүлделер түсті. Спортшыларымыз 29 жылдан бері ақ Азиада аламанына тұрақты қатысып жүр. Дегенмен фристайл-акробатикадан алтын медаль бұйырмай келген еді. Осы олқылықтың орнын саңлақтар толтырып, алтын медаль олжалады. Шаңғы жарысынан да қанжығамыз майланып, спортшылар бір алтын, бір күміс медаль иеленді.
Есірткі • 13 Ақпан, 2025
400 килоға жуық есірткі тәркіленді
Түркістан облысының тұрғыны бақшасында фитозертхана орнатып алған. Әрине, заңсыз, жұрттан жасырын. Бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірген. Осы жайттарды анықтаған полицияның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 38 жастағы ер адамды ұстап, арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 60 килограмнан аса есірткі салынған қаптарды тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің үйінен екі атыс қаруы табылды. Сараптамалар тағайындалып, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Қоғам • 13 Ақпан, 2025
Қашаннан үлкендер кейінгі толқынның іс-әрекетіне сын көзбен қарап, көңілі толмай жүреді. Кітап оқу дәрежесі бұрын қалай болған, ал бүгінгі жастар жаппай кітапқа құмар ма?
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Әділет саласының сандық жүйеге көшуі азаматтардың құқықтық қызмет алуын оңтайландырды. Мәселен, сала министрлігі «DigitalJustice» жобалар портфелін іске қосқалы Қостанай облыстық Әділет департаменті қаржы және уақыт шығынын үнемдеп, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ жасанды интеллектіні пайдалануға қол жеткізіп отыр.
Театр • 13 Ақпан, 2025
Өнер жолын М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 1990 жылы, студент кезінде бастаған Бекжан Тұрыс содан бері үзіліссіз осы сахнада өнер көрсетіп келеді. Ол содан бергі отыз бес жылда үлкен жолдан өтіп, тұлғалық деңгейге көтерілген актер, мәдениет қайраткері.