Зерде • 27 Ақпан, 2024
Ұлт қайраткерлерін әдеби кейіпкерлердей бір-біріне қарсы қою – әбестік
Тәуелсіздік жылдары ұлт тарихын түгендеуге айрықша еңбек сіңірген тұлғаның бірі – Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков (1948-2021). Ғалымның 20-30 жылдардағы аштық қасіреті, ұлт зиялылары туралы еңбектері таңдаулы классикалық зерттеулер қатарында. «Алаш» тарихи зерттеу орталығында (Алматы) ұлттың генеалогиялық тұтастығы жөнінде ғылыми-жобаларды жүзеге асырды. Абай университетінде, Әл-Фараби университетінде, Ш.Уәлиханов тарих және этнология институтында тарихшы ғалымдарды даярлауға атсалысты. Ол – мектепке арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының авторы. «Қазақ газеттері» құрамына енетін тарихи-танымдық «Ақиқат» журналында қызмет істеді. 4 томдық «Қазақстан (Қазақ елі) тарихын» жазуға жетекшілік етті («Ежелгі өркениеттерді зерттеу орталығы»). Парламент Сенаты әзірлеген көптомдық «Ашаршылық» жинағына қатысты. Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жуан ортасында жүрді. Өкінішке қарай, қабілет-қарымы елге қажет шақта әлемге нәубат болып келген пандемия салдарынан бақиға озды. Ғалым қайтарының алдында (5.05.2021 жыл) Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай «Тарлан» интеллектуалдық клубының мүшелерімен кездесіп, ой-тұжырымын ортаға салған екен. Ұстазымыздың таспаға жазылып қалған осы сөзін хатқа түсірген едік. Биыл тарихшы-ғалым Талас Омарбековтің ұлт ғылымына үлкен жаңалық алып келген «Қазақ шаруаларын жекеменшіктен айыру және күштеп ұжымдастыру» («Лишение собственности и насильственная коллективизация казахских крестьян», 1994) атты докторлық диссертациясына 30 жыл толады. Осы тарихи оқиғаны еске сала отырып, «Тарлан» алаңындағы сөзі мен соның жалғасындай жас тарихшыларға арналған онлайн пікірін (11.05.2021 жыл) оқырманға ұсынамыз.
Сенат • 27 Ақпан, 2024
Диалог алаңында білім саласын дамыту талқыланды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Заманауи ұлттық мектеп – жаңа қоғам қалыптастыру жолы» тақырыбына арналған отырысы өтті. Іс-шара барысында білім беру, мәдениет, өнер саласының мамандары, сарапшылар, ғалымдар және сенаторлар ұлттық білім беру жүйесінің даму үрдісін талқылап, осы бағытты реформалау жайы айтылды, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күніне орай Қазақстан гид мамандарының I республикалық форумы өтті. Іс-шараға Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Сонымен қатар ғалымдар, гид-аудармашылар, осы саланың ардагерлері мен ішкі және сыртқы туризм жөніндегі менеджерлер болды.
Музей • 27 Ақпан, 2024
Біз көрген ғимарат әу баста орыс көпесінің үйі болған деседі. 1897 жылы салыныпты дейді білетіндер. ХІХ ғасырда Арал теңізінің бар балығын саудалаған мықтының бірі шығар, бәлкім. Бірақ тарихтағы Қазан төңкерісінен кейін бұл үй «Қызыл мүйіс» дейтін орталық болған көрінеді. Теңізден оралған балықшылардың кеңсесі ретінде пайдаға жарапты. Арадағы ғасырға жуық уақыттан соң бұл ғимаратты қала орталығына жылжытқан көрінеді. Мақсаты сол, бұдан музей етіп жасақтап, балықшы қауымның тарихын қайта жандандыру жұмыстары қолға алынған еді.
Спорт • 27 Ақпан, 2024