Қоғам • 16 Ақпан, 2022
Қараусыз балалардың обалы кімге?
Екібастұз қаласындағы жағымсыз жағдай дүйім елді елең еткізді. Пәтерлердің бірінен күтімсіз қалған төрт балдырған табылды. Аш-жалаңаш балалар түрлі ауруға шалдығып, тіпті жүруден қалған. Тар бөлмеде қамалған «Маугли» балалардың обалы кімге? Ата-ананың жауапкершілігі өз алдына, құзырлы орган өкілдері неге шетте қалды? Мәселенің мән-жайына үңіліп көрелік.
Экономика • 16 Ақпан, 2022
2022 жылға 22 банкпен аяқ бастық. Былтыр төрт банк нарықпен қош айтысты. Оның екеуі Орифджан Шадиевке тиесілі AsiaCredit Bank (ақпан) пен Capital Bank (маусым) болса, бірі – Jusan Bank-ке жұтылған АТФБанк (қазан). Төртіншісі – Пәкістан Ұлттық банкінің еншілес банкі. Мамыр айында өз еркімен лицензиясын қайтарды. 2021 жылы сектордың жиынтық активі 20,7 пайызға өсіп, 37,6 трлн теңгені құраған. Алғашқы бестікте – Halyk Bank (11,6 трлн теңге), «Сбербанк» (4,2 трлн), Kaspi (3,6 трлн), «Отбасы банк» (2,8 трлн) және Jusan (2,6 трлн).
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2022
Бейжің-2022: Ертең Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
17 ақпанда Қазақстан Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында тек бір спорт түрі бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2022
Қаңтар оқиғасы бойынша 2 565 қылмыстық іс тергелуде
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасына қатысы бар 271 адам күзетпен ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2022
Қазақстан мен Армения ынтымақтастығы нығая түспек
Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Экономика министрі, Қазақстан-Армян экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Ваган Керобянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.