Әдебиет • 16 Ақпан, 2022
Өрттей лаулап, көктей қаулап дүниені алып бара жатқан Мұхиттың әндерін шырқап салу үшін әншінің ішінде қандай күш, нендей құдірет жатуы керек деп ойлайсыз? Сұрақты емес, әлгіндей сөзді Үкілі Ыбырайдың «Толқынына» да қарата айтар едік. Қазақта «шапқан аттай, атқан оқтай» құбылысты табиғатына сыйдырған мұндай әндер жетерлік. Алысқа бармай-ақ Мұхит туындыларын атаса да жетеді. Тыңдап отырып, елестетіп көріңіз? Әлде сіздің ішті әуен қуаты олай қуырып, әлденеге жетелемей ме? «Біржан сал» фильмінде қарағайдың түбінде ұйықтап жатқан салды ағасы Нұржан келіп оятып алып, ақыл айта бастағанда қайтаратын жауабы бар ғой: «Ағатай, сізді бірнәрсе ішіңізден оттай қари ма? Мені сол нәрсе шоқтай шыжғырады», деп. Сол еске түседі.
Руханият • 16 Ақпан, 2022
Естеріңізде ме, жаңажылдық «Әзіл әлемінде» шоумен Тұрсынбек Қабатов Канн фестивалінің жеңімпазы Самал Еслямованың қарапайымдылығын қалжыңмен қағытып өтемін деп көптің сынына қалды емес пе? Актрисаның сыртқы түр-келбеті мен киімін «Бауырсақ пісіріп тұрып келе салған сияқтысыз» деген қарадүрсін сөздермен қағытып өткен Қабатовтың қалжыңы көрерменнің көңіліне қаяу түсірген еді.
Тарих • 16 Ақпан, 2022
Үйіп-үйіріп құйындата соғатын жел құмды өңірді қабырғалата, айғыздап тастаған: аттың шашасынан келеді, кей-кейде құм көшіп тұрады, бел-белеңі, төбе-қырқасы жаңарып жатады. Бірде қатқылға тартатын қасқа жол біраздан соң құмдауытпен еміс-еміс көрінеді, бусанған із құмды жауып жатады. Құмды өңірде әр бұтаның бағытына ой-жобаң жетпесе, мәңгіріп қаласың. Қауіп-қатерден сүрінбей өтуің алғыр ақылыңа, көрегендігіңе байланысты.
Медицина • 16 Ақпан, 2022
Сақтандыру бойынша азаматтарға қандай медициналық көмек тиесілі?
Азаматтар «Маған сақтандыру не үшін қажет, не үшін жарна төлеймін, МӘМС маған не береді?» сипатындағы сұрақтарды жиі қояды. Себебі көпшілігі МӘМС жүйесінде қандай медициналық көмектерді тегін алуға болатынын біле бермейді. Сондықтан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесі бойынша тізбеге қандай қызметтер кіретіні және сақтандырылған азаматтардың қандай құқықтары бар екені туралы ақпарат беруді жөн көріп отыр», дейді Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Экономика • 16 Ақпан, 2022
Жаңа Үкімет тұрғын үй бағасын тұрақтандыра ала ма? «Қаңтар қасіретінен» кейін баспана бағасы қаншалықты құбылуы мүмкін? Жалпы, 2022 жылға арналған болжам қандай? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.