Футбол • 06 Ақпан, 2018
Футболдан әлем кубогы – Алматыда
Жаһан жұртшылығы асыға күткен футболдан әлем чемпионаты биыл Ресейде өтетіні көпшілікке белгілі. Осыған орай дүниежүзілік теңбіл доп бәсекесінің басты жүлдесі, салмағы 6 кило тартатын алтын кубок Алматыға келді. Естеріңізде болса, алғаш рет Әлем кубогы Алматыға 2010 жылы келген болатын. Қазақстан осы трофейді екінші рет қабылдаған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет атанып отыр.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2018
Құрманғазы мен Динадан қалған мұра
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында 60 домбыра бар. «Өлке мәдениеті мен әдебиеті» экспозициялық залында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы туралы деректер, Дина Нұрпейісованың домбырасы, өңірден шыққан белгілі өнер шеберлерінің тұтынған бұйымдары мен аспаптары жинақталған. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында музейде тағы бір игілікті шара өтіп, «Домбыра-дастан» атты кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылды.
Театр • 06 Ақпан, 2018
Жамбылда «Томирис» тарихи драмасы сахналанды
Әйгілі Томирис, Тұмар патшайымның тарихи бейнесі күні бүгінге дейін батырлық пен әділдіктің көрінісіндей елес береді. Геродоттың жазбасында адамзат тарихындағы әйгілі оқиға Парсы патшасы Кирдің Сақ патшайымын өзіне әйел етіп алмақшы болғанынан басталады. Алайда Кир патшаның саясатын түсінген Тұмар патшайым оның ұсынысын қабылдамауы мұң екен, арада қиян-кескі шайқас басталады. Тарихта мұның соңы Кир патшаның өлімімен аяқталғаны айтылады.
Театр • 06 Ақпан, 2018
Ұлттық мұраны ұлықтаған мюзикл
Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын, яғни 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы декадасы «Қыз Жібек»спектаклімен ашылған болатын.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2018
Кеше облыстық экология департаментінің мамандары Ертіс өзенінің бетінде мұнай дағының пайда болуына байланысты түсініктеме берді. Өскемендегі Экологиялық қауіпсіздік орталығының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, өзенге мұнай өткен аптаның жұма күні төгілген.