Саясат • 16 Ақпан, 2022
Қазақстан тәуелсіздігін алғанан бері көпвекторлылық мемлекетіміздің сыртқы саяси стратегиясының негізі болып келеді. Мұндай ұстанымның өзегінде түрлі күш орталықтарымен сындарлы қарым-қатынаста бола отырып, мәмілегерлік танытуға деген ынта жатты.
Қаржы • 16 Ақпан, 2022
Банкрот болудың талабын білген абзал
Жеке тұлғаларды банк алдында өзін банкротпын деп жариялауға мүмкіндік беретін заң жобасы жақын арада қабылданбақ. Осыдан бірнеше күн бұрын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында заң жобасы жарияланып, көпшілік талқысына ұсынылды. Жоба 23 ақпанға дейін талқыланады.
Өнер • 16 Ақпан, 2022
Қасиетті күй өнерінің шырақшысы
Қазақтың халықтық музыкасы тарихында жалпылама соқпақпен шиырламай өзінше төтеннен жол салған ғалымдарымыз аса көп емес. Олардың болмыс-бітімі өзгелерден бөлек келеді, көрсеқызар әуеліліктен ада болады, табиғаты жасампаздыққа мейлінше жақын жаратылады. Ғылымда жаңашыл бетбұрыс жасайтын, соны серпіліс әкелетіндер әсілі, осылар. Сондай аяулы жандардың бірі – қазақ руханияты мен мәдениеті жолында тер төккен арыс азамат, көрнекті өнертанушы ғалым, шертпе күй шебері Базаралы Мүптекеев (1967-2015) еді. Базаралы орындаушылық өнерде артына жарқын із қалдырған даңғайыр күйші әрі көреген зерттеуші болды. Зиялы оқырман назарына оның атқарған жұмыстары жөнінде шағын ақпарат ұсынғымыз келеді.
Әдебиет • 16 Ақпан, 2022
Үлкен жазушы Мұхтар Әуезов «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға берген Сүйінбай Аронұлының бейнесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары төл валютамыз «үш теңге» арқылы көпшілікке таныс болды. Ақынның бұл фотосы өзі дүниеден өткен соң жетпіс жылдан кейін салынса, оны бейнелеген адам қазақ сурет өнерінің майталманы Әбілхан Қастеев екен.
Тарих • 16 Ақпан, 2022
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметінің іздері Ақтөбе өңірінде қалса да, сол кезең куәгерлерінің естеліктері дер кезінде жинақталмай қалған. Ұлт ұстазының мектебінен оқып, тәрбие алған қариялар Мұғалжар, Алға, Темір аудандарында көп ұшырасатын. Бұлай дейтініміз, 1895 жылы Орынбор мұғалімдер семинариясын бітірген 23 жастағы жас ұстаз Ақтөбе уезінің Қарағаш болысындағы Батпақты ауылында ашылған 4 басқыштық мектепте екі жыл сабақ беріп, осы төңіректегі талай баланың сауатын ашты.