Аймақтар • 17 Ақпан, 2022
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында орналасқан елді мекендердің арасы шалғай болғандықтан, қыста сапарға шыққан жолаушыға жолда көлденең қауіп төнетін кездер аз емес. Әсіресе, қысқа күнде қырық құбылған ақпанның алдын болжап білу қиын. Күн райы күрт бұзылып, қарлы боран көтеріліп кетсе, жолға шыққан адамның айдалада қар құрсауында қалып қоюы әбден мүмкін.
Тарих • 17 Ақпан, 2022
Болған ана бейнесі жаңғыртылды
Елордадағы Ұлттық музейде Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ұлытау ауданындағы Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлер мен Болған ана бейнесінің жаңғыртылған нұсқасын ұсынған көрмесі өтті.
Білім • 17 Ақпан, 2022
«Алаш зиялыларының әдістемелік мұраларын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен сабақтастыру – ұлттық мектептің темірқазығы». Дәл осындай тақырып аясында елордадағы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында қалалық семинар өтті.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2022
«Қасіретті қаңтар»: 728 адам қамауда отыр
«Әлеуметтік желілерді шарлап кеткен «Алматыда ортағасырлық үлгідегі жазалауға арналған «азаптау камералары» жасақталып жатыр» деген ақпараттар жалған. Мұндай болған емес, болмайды да!» Бұл жөнінде ІІМ-де өткен брифингте Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.
Медицина • 17 Ақпан, 2022
Денсаулық мекемелеріне арыз-шағым көп
Қарағанды облысында баспана салудың бастырмалата жүргізіліп жатқанын бұрын да айтқанбыз. Бұл жағынан құрылыс саласына кінәрат арта алмайсың. Ал медицина саласында мәселе деген жетіп-артылады. Мәселен, ондағы сапасыз қызмет, басшылық тарапының қалыптасқан жағдайға қатысты немқұрайды көзқарасы тұрғындардың орынды өкпе-ренішін тудырып отыр. Сол сияқты өңірдегі жолаушылар тасымалында да толғағы жеткен мәселе бастан асады. Міне, осы мәселелерді шешу үшін іске жан бітіретін жаңашыл қадамдар керек болып тұр.