Басылым • 14 Ақпан, 2025
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Әлихан мен Әйгерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымы таныстырылды. Іс-шараға зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері, елорданың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері қатысты.
Таным • 14 Ақпан, 2025
Кейде түсімізде бір көрініс қайта-қайта қайталана береді. Ұшып бара жатқанымызды немесе студенттік жылдар артта қалса да, дайындалмаған емтиханға кіріп, қаламымызды таба алмай қипалақтап тұрғанымызды көре береміз. Кейбір түс бізді өткенге сүйрейді, таныс көшелермен жетектеп, әлдебір орындарға апарады. Бұл жай ғана елес емес – мұндай құбылыс қайталанатын түс деп аталады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамдардың 75 пайызы өмірінде кем дегенде бір рет осындай түс көрген. Мұның сыры неде?
Жәдігер • 14 Ақпан, 2025
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылған «Айлық жәдігер» жобасының кезекті санында Қарахан мемлекетінің басшысы Мансұр ибн Әлидің кезінде соғылған күмістелген мыс дирхемнің тарихы таныстырылды.
Таным • 14 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Әуеде киім үтіктегендер
Киім үтіктеу – күнделікті тұрмыстың ең қарапайым әрекеттерінің бірі. Бірақ елестетіп көріңізші, сіз парашютпен жоғарыдан құлдилап келесіз, ал қолыңызда – үтік пен үтіктеу тақтасы. Иә, қорқынышты әрі қиын әрекет. Ал экстремалды спортшыларға бұл – жай ғана қызық.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Қызылордада 24 700 000 теңге жымқырған департамент маманы сотталды
Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған қызметкердің жолын кесті. Департамент дерегінше халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет атқарған Д.Мұхтарқызының 2018-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденгені анықталды.