Әлем • 14 Ақпан, 2025
Семейлік жастар ерледі. Белсенділер ауызсуға мұқтаж Африка халқына құдық қазып берді. Қазақстан тарапынан жасалған сый Камерун мемлекетіндегі Мазаки елді мекенінде орналасқан. Игі іске ұйытқы болған «Жастар Семей» қоғамдық қоры «Даймохк» қайырымдылық қорымен байланыс орнатқан. Нәтижесінде, құдық қазу үшін екіжақты келісім жасалыпты.
Жоба • 14 Ақпан, 2025
Астанада «екі қолға – бір күрек» таппай жүрген қала тұрғындарының жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін «Joltap» жобасы биыл да жалғасады. Әлеуметтік жоба аясында күні бүгінге дейін 9 мыңнан аса астаналық біліктілігін арттырып, еңбекке араласты.
Дін • 14 Ақпан, 2025
Иманды ұрпақ елін төрткүл дүниеге танытады
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» дегеніндей қазақ жастарына бағыт-бағдар көрсету – аға буынның еншісінде. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін ұстайды. Ұлттық құндылығымыз бен бабалар мұрасын арқалау – солардың міндеті. Тарихтың тағылымын бүгінгі біліммен сабақтастыру заманның озық ғылымын меңгерумен жүзеге асады.
Өшпес даңқ • 14 Ақпан, 2025
«Мүгедек болсақ та, біріміз тірі қалсақ...»
Заңғар жазушы Ілияс Есенберлинді біз ұлтының тарихи санасын көркем әдеби шығармалар арқылы оятқан қайраткер қаламгер деп білеміз. Бірақ оның Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангер екені көп айтыла бермейді.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Елге қызмет етуді бәрінен жоғары қоя білу – ердің ерінің ұстанымы. Бердібек Сапарбаевтың замандас әріптесі Қырымбек Көшербаев ғұлама жазушымыз Әбіш Кекілбаевтан: «Сіз шығармашылық адамысыз. Алға қойған жоспарларыңыз, жазсам деген дүниелеріңіз көп. Өте талантты жансыз. ЮНЕСКО-ның сараптамасымен ХХ ға-сырдағы 100 ойшылдың қатарына ендіңіз. Осы сізге биліктің керегі не?», деп сұрапты. Сонда абыз Әбіш: «мемлекетке, тәуелсіздікке немқұрайды қарай алмаймын. Елдің намысы кетіп, еңсесі түскен күйін көргім келмейді. Тәуелсіздік жолында біздің жасаған еңбегіміздің жемісін өскелең ұрпақ көруі қажет. Сол үшін абыройлы қызмет атқарып, оларға өшпес мұра қалдыру үшін мен сол биліктің ішінде болуым керек. Өйткені көшеде тұрып ақыл айтқаннан гөрі, мемлекеттің ісіне араласып, соның дұрыс жүруіне, жақсы дамуына өз үлесімді қосқан әлдеқайда қымбат», деп жауап берген екен.