Қазақстан • 07 Ақпан, 2018
Елімізде байлар тарапынан әлеуметтік қолдау ісі әлі де сирек - Сұңғат Әліпбай
Елімізде адамдар арасындағы табыс айырмашылығының алшақтай түскені бұқаралық ақпарат құралдарында ауық-ауық сөз болып қояды. Мәселен, өткен жылдың қыркүйек айында finprom.kz сараптама порталы Қазақстанда байлар мен кедейлердің табысы арасындағы айырмашылық жылдан-жылға алшақтап барады, деген тақырыпта хабар таратқан болатын. «Атамекен» телеарнасы арқылы берілген хабарға қарағанда, 2017 жылдың екінші тоқсанында оның алдындағы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда еліміздегі бай адамдардың табысы 15,8 пайызға өссе, ең кедей адамдардың табысы 9,1 пайызға ғана көтерілген.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2018
Отандық арналар XXIII қысқы Олимпиада ойындарын тарату құқығына ие болды – Дәурен Абаев
XXIII - қысқы Олимпиада ойындарының көрсетілімін жүзеге асыратын құқыққа ие компаниямен келіссөздер аяқталды. Бұл турасында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасында хабарлады.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2018
«Спарта Номад» көңілді тапқырлар клубы алматылық жанкүйерлерімен кездесті
Ақпанның алғашқы жұмасында «Спарта НОМАД» көңілді тапқырлар клубының алматылық жанкүйерлері көптен күткен жұлдызды кездесуіне жетті.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2018
Теміртаудағы «Қысқы бақта» шеффлера гүлдеді
Қыстың күні қырауда бұл жердегі экзотикалық өсімдіктер иранбақтай құлпырып тұрады. Мұнда тропикалық, субтропикалық және шөлейт жерлерде өсетін өсімдіктің 100-ден астам түрі бар. Теміртаудағы атағы алысқа кеткен «Қысқы бақтың» келушілерге есік ашқанына да ширек ғасыр болыпты.
Өнер • 07 Ақпан, 2018
Шертпе күй шеберлерінің бірі композитор Мағауия Хамзин
Қазақтың ұлттық мәдениетіне, оның ішінде сонау түркі дәуірінен бүгінгі таңға дейінгі саф қалпын сақтап келе жатқан күй өнерінің кемелденуіне өзінің зор үлесін қосқан шертпе күй шеберлерінің бірі композитор Мағауия Хамзин еді. Бүгінде оның сонау Тәттімбеттен бергі текті өнерді тегіс жұртқа жеткізген ерен еңбегі ел игілігіне молынан жарады. Тіпті Арқадан Алатауға дейінгі абыз далада Мағауия мектебі қалыптасқан десек, артық айтпаған болар едік. Сол шекпеннен шыққан қаншама жас дарын қара домбыраны жанына серік етіп, шертпе күйден шартарапқа күй шалқытуда. Тұғырлы тұлғаның шығармашылығы былтырдан бері өзінің тоқсан жылдық мерейтойы аясында еліміздің әр аймағында кеңінен насихатталып жатыр.