Дін • 14 Ақпан, 2025
Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Ақпан, 2025
Түркістанның ерекше мәртебесі заңмен бекітіледі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне қатысты заңдарды қарап, мақұлдады. Сондай-ақ депутаттар сауалдарын жолдады.
Технология • 14 Ақпан, 2025
Бүгінде қоғам назары жасанды интеллектіге ауған. Өйткені жобалар мен ғылыми зерттеулердің дені жасанды зерде арқылы іске асып жатыр. Шынында да, ЖИ-ді адамзат тарихында революциялық жаңалық деп айтуға болады. Сарапшылардың пікірінше, ЖИ адамның бес сезім мүшесінің бірін қайталай алатын немесе адам санасына ұқсас ой жүйесі бар бағдарламалардан тұрады. Мысалы, көру және естігенін тану қабілетіне ие жүйелер – ЖИ-дің бір түрі. Сонымен қатар адам кейпіндегі роботтар да ЖИ көмегімен жасалған. Қазіргі уақытта жасанды зерде өндіріс орындарында, әскери салада, дрондар мен зымыран жасауда кеңінен қолданылып жатыр.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Өмірде талай тағылымды, таңданатын оқиғалар болып жатады. Әсіресе ұлы адамдар, таланттар тіршілігінде. 2024 жылы 20 наурызда «Egemen Qazaqstan» газетінде Абзал Мақаштың «Тілендиевтің тұяғы» атты ақпараты жарық көріп, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінде күйші, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің ұлы Алмас-Әлкенмен кездесу өткені хабарланды. Шараны үйлестірген – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Кенжеғали Мыржықбай. Осы тәлімді мәліметтен кейін жадымда Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, марқұм күйші-композитор Орынбай Дүйсен жеткізген «Нұрғиса Тілендиевтің өз аузынан Серік Малаевқа «Кереку жақта Алмас деген ұлым бар» депті» деген дерек жаңғырды.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Сейдолла Байтереков – талай орындаушының жолын ашқан композитор. Сахнада 50 жыл орындалып келе жатқан «Әлия» әнін орындаған Роза Рымбаева небәрі 19 жасында бүкіл кеңес одағына танымал болды. Сондай-ақ Нағима Есқалиева, Бағдат Сәмединова, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев, Медеу Арынбаев сынды отандық әншілер Бәйтерековтің әндерін орындады.