Ғылым • 14 Ақпан, 2025
Ғылымда мемлекеттік тілдің бәсі қашан артады?
Ғылым – елдің өркениеттік деңгейін анықтайтын басты көрсеткіш. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жылдан асса да, ғылым саласы әлі күнге дейін мемлекеттік тілде сөйлей алмай отыр. Көптеген халықаралық форум мен ғылымға қатысты басқосу, жиналыс негізінен орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Мемлекеттік тілдегі ғылыми еңбектердің аздығы, терминологиядағы бірізділіктің жоқтығы, қазақ тілінде жазылған зерттеулердің халықаралық деңгейде мойындалмауы – бұл саланың ең өзекті мәселесі. Ендеше, қазақ ғылымы қашан қазақша сөйлейді? Біз осы сауалды ғалымдарға қойған едік. Аталған сұраққа ҰҒА академигі, терминтанушы Шерубай Құрманбайұлы, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының басшысы, PhD Анар Мұхтарова, ғылыми қызметкер Данияр Ерланұлы, докторант Мәдина Шеңгелбай тарапынан берілген жауаптарды оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Алматы • 14 Ақпан, 2025
Озық технологияларды біріктіретін орталық
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Қытай ғылым академиясы, Zhejiang технологиялық университеті, сондай-ақ ҚХР жоғары технологиялық компаниялар тобымен бірлесіп, «Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы» ашылды.
Қоғам • 14 Ақпан, 2025
Алдағы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгеріс күшіне енеді. Бірақ бұл ереже биылғы 24 наурыздан бастап елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты болмақ.
Digital • 14 Ақпан, 2025
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, өкпе қатерлі ісігінен жыл сайын 1,8 миллион адам көз жұмады. Ал оның 64%-ы кеш анықталады. Отандық «Cortex AI» стартапы осы мәселені шешуге бағытталған. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйе рентген суреттерін 3 минут ішінде талдап, қатерлі ісік белгілерін 94,1% дәлдікпен анықтайды.
Қоғам • 14 Ақпан, 2025
Интернет алаяқтан қалай сақтанамыз?
Киберқауіпсіздік – бүгінгі заманның өзекті мәселесінің бірі. Цифрлық технологиялар дамыған сайын алаяқтардың да әдістері түрленіп шыға келеді. Қазір интернет алаяқтарының құрбаны болған адамдар туралы жиі еститін болдық. Бірі банк картасындағы ақшасынан айырылса, енді бірі әлеуметтік желідегі парақшасын жоғалтады. Кейбірі жеке мәліметтері таралып кетіп, опық жейді. Мұның басты себебі – адамдардың цифрлық қауіпсіздікке бейжай қарауы.