Ата заң • Кеше
Стратегиялық бағыттың логикалық жалғасы
Сарапшылар жаңа Конституция жобасы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырып, қоғамды одан әрі демократияландыруға жағдай жасайтынын айтады. Кеше Президенттік орталықта ғылыми қауымдастық, даму институттары мен азаматтық қоғам өкілдері, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері жаңа Ата заң жобасының негізгі ережелеріне сараптамалық талдау жүргізді.
Пікір • Кеше
Ата заң – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының, ішкі және сыртқы саясаттың барлық субъектісінің стратегиялық даму бағыттарын айқындайды. Сондай-ақ әкімшілік, азаматтық, қылмыстық-процестік, еңбек және өзге де құқық салаларының негізін қалыптастырады.
Реформа • Кеше
Қазақстандағы реформалар – әлем назарында
Ата заңымыздың жаңа жобасы жарияланды. Конституциялық реформа – Мемлекет басшысының идеясымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаның заңды жалғасы. Былтыр қыркүйекте халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында Президент елдің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудың маңызын атап өткені белгілі. Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформа аясында бастапқыда Ата заңның шамамен 40 бабына өзгеріс енгізу мүмкіндігін ескерткен.
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі
Егемендік алғалы бері қылмыс саны екі есе төмендеді. Мұндай оң динамика – кешенді профилактикалық жұмыстың нәтижесі. Осы тұрғыда көшелерде, қоғамдық орындарда, жеке секторларда орнатылған миллионнан астам бейнекамераның да өзіндік үлесі бар. Мәселен, былтыр елімізде визуалды бақылау жүйесі көмегімен қылмыстың 58%-ы ашылып, 523 мың әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді.
Пікір • Кеше
Жаңарған Конституция және халықаралық тәжірибе
Жаңарған Конституцияның преамбуласы халықаралық тәжірибемен салыстырғанда бірқатар жаңашылдығымен ерекшеленеді. Мәселен, 1958 жылғы Франция Республикасы Конституциясының преамбуласында тарихи сабақтастық революциялық-құқықтық дәстүр шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен құрылымдық сипатына арнайы баға берілмеген.