Аймақтар • 17 Ақпан, 2022
Индустрияның дамуы инвесторға тәуелді ме?
Экономикаға құйылған инвестицияның елді дамытуға ықпалы зор екені анық. Әсіресе ішкі өндірісі ақсап тұрған өңірлер үшін сыртқы қаржы көздерінің нақты бағытқа жұмсалуы екібастан тиімді бола түседі. Тіпті аймақтағы өнеркәсіп орындарына қан жүгірткен жобалардың қатарында дүние жүзіне танымал брендтердің жиі кездесуі істі ілгерілетіп қана қоймай, инфрақұрылымның дамуы мен жұмыс орындарының көптеп ашылуына кепілдік беретіні тағы шындық. Осындай бастамалардың бірқатары Алматы облысында жүзеге асып жатыр.
Саясат • 17 Ақпан, 2022
Еуропалық одақ Африкаға алаңдайды
Кейінгі уақытта Африка халқын қолдау мәселесі өзекті болып тұр. Бұған дейін Қытай «қара құрлықтың» тұрғындарына қомақты қаражат беріп келсе, енді бұл іске Еуропалық одақ бел шешіп іске кіріспек. Осыған байланысты Брюссельде Африкалық одақ пен Еуропалық одақ мемлекеттері басшылары бас қосып жатыр. Бірнеше күнге созылған келіссөздер нәтижесінде, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылуға тиіс.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2022
Біз өткен 2021 жылдың соңында, яғни желтоқсан күндерінің 14-17-ші жұлдызында жылдағыдай қалыптасқан дәстүрмен ұлтымыздың ең басты, ең қасиетті мерекесі – тәуелсіздік күндерін зор мақтанышпен бүкіл елдің бірлік, ынтымақ, болашаққа деген құлшыныс, нық сеніммен лайықты атап өттік.
Білім • 17 Ақпан, 2022
«Ұстаз деген шәкіртінің шырағын жаға білуі керек. Мен Сұлтанның шырағын жаға алмадым». Бұл – өзіміз жақсы білетін «Менің атым Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың бала кезімізден құлағымызға сіңісті болып кеткен сөзі. Дәл осылай өзін жазғыратын Рахманов ағай біздің санамызда шәкірт алдындағы жауапкершілігін терең сезінетін нағыз ұстаздың бейнесінде сақталып қалған. Оқушы күнімізде мейір-шапағатын төгіп, сабағын ынты-шынтысымен, ерекше ықыласымен беретін мұғалімімізді Рахманов ағайға ұқсатып жақсы көретінбіз. Қазір осындай ұстаздар бар ма екен?
Аймақтар • 17 Ақпан, 2022
Президент тапсырды, сең қозғалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке заңсыз шетел асып кеткен қаржы мен сол жақта сатып алынған активтерді елге қайтару бойынша ұсыныстарды екі ай ішінде дайындауға тапсырма берді. Президент айтқан мерзімге аз уақыт қалды. Алайда Министрлер кабинетінің экономикалық блогы офшорға кеткен ақшаны қандай жолмен қайтаратынын әзірше жариялай қойған жоқ. Дегенмен де сең қозғалды.