Қазақстан • 18 Ақпан, 2022
Ақиқат айтылып, әділдік орнайды
Мемлекет басшысының «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына қазақ тілінде берген сұхбатын қызыға тыңдап, белгілі тележурналист Жайна Сламбекқызының көпшіліктің көкейінде жүрген күрделі сауалдарды Президентке өткір қойғанына және олардың бәріне Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүкпесіз де байсалды жауап бергеніне риза болдық.
Руханият • 17 Ақпан, 2022
Біз қазақтың осыған дейін көрген қасіреті мен қиянатын, тауқыметін Жұбан ақынның «Мың өліп, мың тірілген» деген аталы сөзімен сипаттай саламыз, шындығында, біздің осы күнге жетіп, ұлт болып ұйысуымызға, жарық таңға жетуімізге «мың өліп, мың тірілу» дегеннің өзі аздық етердей. Даламыз бен пейіліміз қанша кең болған сайын тағдырдан, заманнан, адамнан, саясаттан көрген қитұрқылығымыз да соғұрлым шексіз болды.
Әдебиет • 17 Ақпан, 2022
Тіршілігінде тозаққа түскендер
«Елдің Ыбырайы – Ыбырай, біздің Ыбырай – сұмырай» демекші, бұл жолғы шығарманың бас кейіпкері барып тұрған оңбаған, көргенсіздің есебінде суреттеледі және онысын өзі біле тұра қолдан жасайтынға ұқсайды. Елге жақпайтын сүйкімсіз әрекеттерге қасақана барады. Бірақ кемақыл, түйсіксіз пенде емес, суретші. Өте талантты әрі белгілі суретші. Сөйте тұра сүйкімсіз адам.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2022
Отандық байланыс: Табыс артса да сапа жақсарған жоқ
Былтыр отандық байланыс операторларының табысы алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Бірақ табыстың артқаны сапаның жақсарғанын көрсетпейді. Өйткені кей өңір тұрғындары сапалы қызметке әлі де болса қол жеткізе алмай отыр.
Сұхбат • 17 Ақпан, 2022
Ержан Мақпышұлы: Шыңғыс ханның «Түменбасы» болу бақыты бұйырды
«Egemen Qazaqstan» газетінің №24 (30253) 4 ақпан 2022 жылғы санында көп сериялы «Шыңғыс хан» телефильмінде «өкіл әке» Меңліктің рөлін сомдаған талантты әртіс Дәлелхан Қадырұлымен жүргізілген сұхбат жарияланған болатын. Осы сұхбат барысында аталған телесериалда тағы бір басты рөл – Наяха ноянның образын жасаған дарынды актер Ержан Мақпышұлы бауырымыз туралы да сөз қозғаған едік. Енді міне Үрімжі қаласында тұрып жатқан Ержан бауырымызбен хабарласып, екеуара өрбіген әңгіме барысын оқырман назарына ұсынып отырмыз.