Аймақтар • 18 Ақпан, 2022
Жер телімдеріне арналған геоақпараттық жүйе
Жамбыл өңірінде жер мәселесі – ең күрделі мәселенің бірі. Аймақта жер дауы талай рет өршіп барып, басылған кездер де аз болған жоқ. «Аспаннан киіз жауса да, құлға ұлтарақ бұйырмайдының» кебін киген қара халық облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдерге қайырылып, жер мәселесін талай рет көтерген. Әсіресе, ауылды жерлерде жердің жетімсіздігі жиі айтылады. Шынында да жер төңірегінде мәселе көп. Ал оны жүйелеу, ретке келтіру оңай емес. Алайда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында да жерді жалға беру жүйесі электронды форматқа көшірілмек. Тиісті басшылар бұл бастаманың тиімділігін айтуда.
Әдебиет • 18 Ақпан, 2022
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: оқырман кімге өкпелі? Жазушы кімге өкпелі? Қоғам кімге өкпелі?.. Тыңдасаңыз, осы үш тараптың да бір-біріне қояр уәждері орынды сияқты көрінеді. Оқырман жазушыдан жақсы шығарма күтіп, көңілі қалған. Авторлар кітап оқитын оқырман іздеп, шарқ ұрып жүр (ақиқатында, қазір кітап оқитын қауым бар: бірақ тым аз). Ал қоғам екі жақты да кінәлайды һәм өзінің де айыпты екенін мойындайды. Расында да, оқырман кітап оқымайтыны үшін, ақын-жазушылар жақсы жаза алмайтыны үшін, қоғам әдебиетке көңіл бөлмейтіні үшін кінәлі емес пе?.. Иә, «әдебиет – ардың ісі» болғанымен, әдебиетте сот жоқ.
Әдебиет • 18 Ақпан, 2022
Өмірдің қилы кезеңдерін бастан кешіп, тағдырдың сан түрлі сынағына тап болса да достыққа адал жандар болады. Адам бойындағы осы бір асыл қасиет жастарды да барды бағалауға үйретеді. Атақты Шерхан Мұртаза мен Әбдуәлі Данаевтың достығы да – ғибратты ғұмырға негіз болған, талай жылғы тарихы қалыптасқан айнымас достық. Сонау отызыншы жылдардың қиын да күрделі кезеңдерінде дүниеге келген бұл буын сертке берік, достыққа адал еді. Сол буынның ішінде өскен Шерхан мен Әбдуәлі де сондай болды. Тағдыр талай сынаса да олар дос көңілінен танбады. Бала күндерінен бері екі достың арасына сызат түскен жоқ. Бір-бірін сыйлаған, құрмет тұтқан қалпында ғұмыр кешті...
Қоғам • 18 Ақпан, 2022
Қалта ұрлығы мен алаяқтық көбейген
Өткен жылы Ақтөбе облысында тіркелген әрбір қылмыстың төртіншісі – алаяқтыққа қатысты қылмыстар. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының орынбасары Мұрат Сейталин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Соңғы уақытта адамдардың аңқаулығын пайдаланып, сеніміне кіріп, телефон арқылы жеке мәліметтерін пайдаланып, тақырға отырғызып кетіп жатқандар тіпті көбейіп барады.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2022
Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасында экспорт өнімдерін шығаратын кәсіпорын басшылары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты облыстық департаменттің өкілдері бас қосып, кәсіпкерлерді түрлі салада бой көрсетіп қалып жататын жемқорлық тәуекелдерінен қорғау мәселесін сөз етті. Сонымен қатар жиында ауыл шаруашылығын субсидиялау барысында туындайтын жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары қарастырылды.