Саясат • 27 Ақпан, 2025
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту кезеңі
Биыл – Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылғанына 80 жыл. Осыған орай сарапшылар Президент орталығының пікірталас алаңында БҰҰ-дағы Қазақстанның рөлі мен мультилатерализмнің болашағы жөнінде ой бөлісті.
Депозит • 27 Ақпан, 2025
Депозит пайызы – банктер құзырында
Наурыздан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) шекті мөлшерлемелердің мәндерін жариялауды тоқтатып, депозит нарығындағы нарықтық мөлшерлемелер туралы мәліметтерді жариялай бастайды. Яғни нарыққа бейімделген икемді тетіктерді енгізу үшін банктердің көбіне теңгелік депозиттің шекті мөлшерлемелерін белгілеу тоқтатылмақ.
Салық • 27 Ақпан, 2025
ҚҚС: Нарыққа балық емес, қармақ керек
Қосылған құн салығы мөлшерлемесінің қымбаттауына қатысты әлі нақты шешім айтылған жоқ. Әуелде 20 пайыз делінген мөлшерлеме кейін 16 пайыз межесінде белгіленетін секілді. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткен аптада Алматыға келген сапарында 16 пайызға да дайындық бар екенін айтты. Министрдің айтуынша, инфляция қазіргі деңгейден 3-3,5 пайыздан аспауы керек. 20 пайыздық деңгейдегі индексация жағдайында 800 млрд теңге керек еді. Бірақ бюджетке кіретін қаржы одан да көп. Қазір 16 пайыздық деңгейдегі керек қаржы – 600-650 млрд теңге. Қысқасы, Үкіметте осыған дейін айтылып келген 16-20 пайыз жағдайында қандай шешім қабылдау қажеттігіне бағдар беретін карта бар. Одан төменгі пайызда жағдайымыздың қандай болатынын айқындайтын карта әлі ашылған жоқ.
Қаржы • 27 Ақпан, 2025
Цифрлы сервистің бизнеске әсері
Шағын және орта бизнес (ШОБ) мүмкіндігі баяу болса да, тұрақты өсіп келе жатыр. Түрлі жеңілдік те бар, оның үстіне көпшілік қазір кәсіп ашудың қыр-сырын біршама түсініп те қалды. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бір жылда 3,8%-ға артып, 2,3 млн-ға жеткен. Ал кейінгі бес жылда олардың саны 41,1%-ға өсіпті. Ресми деректе ШОБ 4 млн-нан аса ел азаматын жұмыспен қамтып отыр делінеді.
Сұхбат • 27 Ақпан, 2025
Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Заң – әділдікке, рухани тазалыққа апаратын жол
Өткен жылдың соңында еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловпен прокуратура органдарының конституциялық міндеті мен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы қадағалау қызметінің жекелеген бағыттары жөнінде әңгімелескен едік. Бұл жолы Бас прокурордан криминогендік жағдай, цифрлық және ақпараттық технологиялармен байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу, халықты әлеуметтік қорғаудың жекелеген салаларындағы заңдылықтың жай-күйі турасында біраз мағлұмат алдық.