Қазақстан • 29 Ақпан, 2024
Үкіметтік емес ұйым: Жауапты кезең міндеттері
Әділетті Қазақстанның негізгі өзегі – азаматтық қоғам десек, оның қалыптасуында үкіметтік емес сектордың орны ерекше. Өйткені бұл ұйымдар бүгінде билік пен бұқара арасындағы дәнекерге айналды. Олар тәуелсіз жүріп, ширақ қимылдап, толағай іс тындырды. Ендігі межені пысықтау үшін Астанада «Әділетті Қазақстан, біртұтас ұлт және берекелі қоғам құрудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» атты республикалық жиын өтті.
Экономика • 29 Ақпан, 2024
Тауар таңбалау ісін жолға қоюдың арқасында кейінгі бес жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдері (ЕАЭО) арасындағы контрабандалық тауар айналымы 30%-ға төмендеген. Мамандар міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін көлеңкелі айналымның үлесі азайғандығын, өндірушілер мен импорттаушылар үшін бірнеше млрд теңге қаражатында қосымша өткізу нарығын құруға мүмкіндік бар екенін айтады.
Өндіріс • 29 Ақпан, 2024
Қолымызда – «Shosa» ЖШС шығарған жиһаз тіреу өнімі. Бір қарағанда, қарапайым көрінген осы бұйым Қазақстан асып, Ресейдің көптеген қаласына тарайды. Әуелде бұған сенбегеніміз рас. Бара көрмекке бекіндік. Қала сыртына жақын өндіріс алаңында орналасқан цех жұмысымен танысқанымызда, алғашқы күмәнді ойдан арылдық.
Денсаулық • 29 Ақпан, 2024
Қашаннан жаңалықтың жаршысы болып келе жатқан наурыз айы «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Атына сәйкес биылғы наурызымыздың мазмұны, расында да, жаңа уақытпен астасып тұр. Нақтырақ айтсақ, ертеңнен бастап еліміздің барлық өңірінде уақыт белдеуі біріздендіріледі. Яғни бірнеше өңірде уақыт бір сағат артқа жылжиды.
Маман • 29 Ақпан, 2024
Осыдан 20 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда қазіргі медицина әлдеқайда алға басты. Осы күні облыс, аудан орталықтарынан бөлек ауылдарда да жаңа емханалар салынып, халықтың саулығын сақтаудың аясы кеңейді. Әрине, бұрынғы мен бүгінгіні салыстырғанда әуелгі әңгіме маманнан басталатыны даусыз.