Әскер • 28 Ақпан, 2025
Биыл 7 мамырда елімізде Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушы күніне орай әскери шеру өтеді. Оған өзге де күштік құрылымдармен қатар Ұлттық ұланның 400-ден аса әскери қызметшісі қатыспақ. Бүгінде ұландықтар жауапты сәтке қызу дайындыққа кірісіп кетті.
Айбын • 28 Ақпан, 2025
Үздіктерді үлгі ету – үзілмейтін үдеріс
Ел шекарасын қорғау – мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды міндеттің бірі. Тәуелсіздік алғалы бері мыңдаған сарбаз бен офицер осы қасиетті борышты абыроймен атқарып келеді. Олардың ішінде ерекше ерлігімен, кәсіби шеберлігімен, адалдығымен көзге түскен үздік шекарашылар бар.
Таным • 28 Ақпан, 2025
Аустралия газеттері қазақтар туралы не жазды?
Зерттеу тақырыбымызға байланысты мұхиттың арғы жағында, АҚШ-та түрлі кітапханаларды ақтарып, архивтерге барғанда елеусіз қалдыра алмайтын сан түрлі қызықты мәлімет кездестірдік. Солардың бірі – сонау алыстағы Аустралия газеттеріндегі ұлтымыз туралы жазбалар. Осы орайда 1850 жылдан 1901 жылға дейін жарық көрген Аустралиядағы «The Northern Herald», «Tribune», «The Menzies Miner» газеті мен Сиднейден шығатын «Mirror» газетінде жарияланған кейбір деректерді оқырманға ұсынуды жөн көрдік.
Өшпес даңқ • 28 Ақпан, 2025
«Мерген – қорғаныста тіреніш, шабуылда сүйеніш» дейді халық. Ықылым заманнан бері шапқан аттың жалында жүріп, құлаштай садақ тартқан қазақ баласы Екінші дүниежүзілік соғыста да құралайды көзге атқан мергендігін әйгілеп, қорғанысқа тіреу, шабуылға сүйеу бола білген. Атқан оғы мүлт кетпей, бір өзі 200-ден аса жау әскерін жер жастандырып, намыстың туын жықпаған сұрмергендердің ерлігі неге ескерусіз қалды? «Кеңес Одағының батыры» атануға әбден лайық қазақтың бөрідей көкжал оғландары кезінде неге ұлықталмады?
Экология • 28 Ақпан, 2025
Еліміздегі экологиялық күрмеуі қиын мәселенің бірі – Арал теңізінің тартылуы. Тусыраған теңіз табанына тіршілік нәрінің толуы өңірдің ғана емес, өзге де аймақтардың ахуалын жақсартатыны анық. Қуанарлығы, жылдан-жылға Аралдың суы молайып келеді. Наурыздың соңына дейін Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберілмек.