Ауа райы • 20 Ақпан, 2022
Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК 21 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 20 Ақпан, 2022
Жарасын жалап жазған бөрідей айға арзу айтып, ұрпағының қамын ойлап бірде тау-тасқа жан сауғаласа, бірде ашық келген жауына айбаттана қарсы шапқан қазақтың қанына біткен бір қасиет – осы аңшылық өнер. Сары сүйегінде сан ғасыр бойы сақталып келген дала дәстүрінің дәрісі ұрпақ бойына сіңгелі қашан... Қансонардың қызығы қазақ үшін бітпес әңгіме, таусылмас жыр, көркем картина емес пе?!
Әдебиет • 20 Ақпан, 2022
Бірінші таныстық Әлімізге қарамай біз де кезінде әдебиет алыптарының соңдарынан салпақтадық. Жандарында жанасып жүрмесек те, сырттай бір-бір жазушыны еншілеп алатынбыз.
Әдебиет • 20 Ақпан, 2022
Бүгінгі әңгіме тоқсанның төріне шығып отырған қазақ руханиятының абызы, абайтанушы ғалым Мекемтас аға Мырзахметұлы хақында болмақ. Тоқсан – екінің біріне бұйыра бермейтін жас. Жеткен кісі жер таянып әзер жететін меже, қалай десек те бұл жастың жөні бөлек, қандай құрметке де лайық. Ал енді, Мекемтас аға туралы сөз басқа. Өмірін ғылымға арнаған ғұламаның жұрт жер таянып жететін сол тоқсаныңызға ой таянып жеткенін көрдік. Дейтұрғанмен ол кісі халқына жасаған жасымен емес, тындырған ісімен қадірлі.
Тарих • 20 Ақпан, 2022
Елорда төрінен ірге тепкен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының ат салысуымен Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет» бағдарламасы бойынша жарық көрген бірнеше кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.